Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да мектеп оқушылары арасында бірыңғай диктант өтті

Диктант ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған, оған сегізінші сынып оқушылары қатысты

Шығыс Қазақстанда "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру аясында 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқыту стандарттарын жаңарту шеңберінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған "Бірыңғай диктант күні" өтті. Диктант жазуға облыстың 336 мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Балалар үш тілдегі аудиожазбаларды тыңдап барып тест сұрақтарына жауап берді. 

- Аудиолар ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде болды. Сұрақтар үш тақырыпта әзірленген, атап айтқанда "Елбасы жолы", "Еуразия жүрегінде", "Kazakhstan-The Land of Wonders". Балалардың компьютерлік сауаттылығы, күрделі мәтіндерді түсінуі және оларды түсіндіруі, белгілі бір тапсырманы орындау қабілеттілігі тексерілді. Нәтижесінде оқушылардың бойында ұқыптылық, нәтижелерге сыни тұрғыдан қарау және еркін ойлай білу сынды қабілеттер дамиды. Осының барлығы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың негізгі индикаторлары. Ақпараттық сауаттылық балалардың мәтінді ақпаратпен жұмыс істей білуін қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді, - деп хабарлады өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығының мамандары.
Следующая →