Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Бұқтырма су қоймасының үстіне салынатын көпір құрылысы 2021 жылы басталады

Бұқтырма су қоймасы Шығыс Қазақстан облысының үш ірі ауылшаруашылық аймағында орналасқан

Күршім, Катонқарағай және Зайсан ауданының тұрғындары 30 жылдан астам уақыт бойы осы мәселенің шешілуін асыға күтті. Әзірге барлық міндетті 1950 жылда жасалған, тозығы жеткен екі су кемесі атқарып тұр. Қартайған деген сол шығар: кемелер жиі бұзылады, сөйтіп өткелге жүк көліктері мен жеңіл автомобильдер тізіліп қалады. Қыста автокөлік жүргізушілері қауіпті болса да тәуекел деп мұз үстімен өтеді. Мұз жұқарып, еритін уақыт таяғанда суға кеткен көліктер де баршылық.

Салынады деп жоспарланған жаңа көпір Қазақстандағы 1300 метрлік ең ұзын көпір болады деп сендірді құрылыс компаниясының тапсырушылары. Жаңа нысан паромдардың орнын басып, облыстың шекаралас аудандарындағы көлік қозғалысын 90%-ға жеңілдетеді. Егер бұрын Бұқтырма су қоймасының өткелінен кемемен өту, ьпаромды тосу бірнеше сағатты алса, көпірмен сағатына 60 шақырым жылдамдықпен қозғалса, көзді ашып-жұмғанша арғы жағаға өте шығады.

"Уақыт – ақша". Әсіресе ауылшаруашылық өнімдерін жеткізушілер үшін. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен ауылдарына жеткізілетін тауарлардың түпкілікті құны көліктік шығындардан, оған қоса ақылы паром қызметінен шарықтап шыға келетін.
- Экономикалық компонент айтарлықтай жоғары болады. Яғни, қазір Күршім ауданынан Өскеменге және жалпы шығыс өңірі бойынша жеткізілетін тауардың бағасына жол қашықтығына кететін шығын мен су көлігіне төлейтін ақы айтарлықтай әсер етеді, - деп түсіндірді техника ғылымдарының кандидаты Александр Недобитков.
Өңірде көліктік логистиканы дамыту қажет. Бір жыл ішінде облысішілік жүк тасымалдау көлемі шамамен 10%-ға өсті. Бұқтырма арқылы өтетін көпірдің нақты экономикалық болашағы бар.
- Құрылыс дайындығы ендігі басталып та кетті. Жоспарға сәйкес көпір 2021 жылы салынып басталса, 3 жылға созылып 2023 жылы бітеді. Қазір қаржы мәселелері шешіліп жатыр, - дейді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Нұрбек Тұраров.
Следующая →