Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Күршімнің алыс ауылдарындағы ерекеше балаларға да ем керек

Күршім ауданының орталығында ерекше балаларға арналған күндізгі стационар бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ерекше балалар санатына жатқызылатын, белгілі диагноз қойылған 7 бала бар

Сағат таңғы 8.00-де жұмысқа шығатын инватакси көлігі ол балаларды тұратын мекен-жайынан жинап, стационар бөлімге алып келеді.

Ерекше балаларға арналған күндізгі бөлімнің Күршім ауданы әкімдігінің аймақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарамағында екенін де айта кеткеніміз жөн. Балалар ең алдымен 15 минут таңертеңгілік жаттығуларды жасайды. Кейін таңғы ас-ауқатын ішеді. Әрмен қарай күн тәртібі бойынша сабақ оқиды. Олар: аппликация жасау, ермексаздан мүсіндер жасау, психологиялық сабақ түрлері және т.с.с. Сағат 11.00-де далаға серуендеуге шығады. Балалар ішке кірген соң иммундық жүйені нығайтуға арналған табиғи шырындар қосылған түскі ас беріледі. Барлық жердегі балалара арналған тәртіп бойынша түскі астан кейін бір жарым сағаттық ұйқы болады. Оянған соң тазалық процедуралары басталып, мұғалімдер сабақ өткізеді. 16.00-ден бастап балаларды үйлеріне қайтуға дайындап, оларды арнайы көлікпен жеткізу қызметі басталады. 
- Осы мекеменің арқасында оқитын балалардың ата-аналары жұмыстарына шығып, өз кәсіптерімен айналысып, еңбек етуге мүмкіндік алды. Ағымдағы жылдың соңына қарай стационарға келетін балалардың саны артуы мүмкін. Өйткені тағы бірнеше ата-ана бізге өтініш беріп, керекті құжаттарды дайындап жатыр, - дейді орталық директоры Галина Насырова.
Стационар бөлімнің көмегіне шалғайдағы шеткері ауылдардан да ерекше балалары бар отбасылар жүгінетін көрінеді. Алайда жолдың алыс әрі ұзақтығына байланысты әзірге оларды қабылдау мүмкін болмай тұр.
- Балаларды таситын арнайы көлікті аудан әкімшілігі шығарады. Облыстан транспорт берілмейді. Марқакөл ауылы мен оның маңайындағы ауылдардан да келіп түскен сұраныстар бар. Бірақ ол жерде небәрі 3-4 бала. Бізге азғантай бала санына бола сонау алыс жаққа көлік жіберу өте тиімсіз. Егер балалар саны артып жатса, сол жақта күндізгі стационардың бөлімшесі ашылуы мүмкін. Әзірге нақты ештеңе айта алмаймыз. Жалпы Күршім ауданы әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған күндізгі жартылай стационар бөлімінде 2019 жылдың 29 қазанынан бастап 7 балаға қызмет көрсетіледі. Балаларға церебралды паралич (ДЦП), даун, аутизм және психоневрологиялық патология деген диагноздар қойылған. Әрине оларға қызмет тегін көрсетіледі. Қазір үш баланың құжаттары жөнделуде. Күршімнің іргесіндегі Бірлік ауылында екі ата-ана балаларын осы бөлімшеге оқыту үшін 
ауызша өтініш білдірген, бірақ жазбаша түрінде ешкім құжат өткізбеген. Бөлімнің әрбір қызметкері арнайы жасаған жоспар және жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді және атқарылған жұмыстардың сапасын қадағалау мақсатында арнайы күнделік жүргізеді. Педагогика жүйесіндегі балаларды оқыту мен дамытудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі - мүмкіндігі шектеулі балалардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді ескере отырып оқыту, олардың ой-өрісін дамыту, қоршаған ортаға бейімділігін арттыру болып табылады, - дейді күндізгі стационар бөлімінің меңгерушісі Жанар Викторқызы.
ШҚО Білім басқармасы берген мәліметке сүйенсек, шығыс өңірі бойынша аталмыш санаттағы балалар мен жасөспірімдерді түзету және оңалту үшін құрылған облыстық Білім басқармасына бағынышты 16 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен 1 оңалту орталығы жұмыс істейді. 16 түзеу кабинеттерінде 796 балаға, оңалту орталығында 195 ерекше балаға көмек көрсетіледі. Барлық мекемеде 186 педогог қызмет атқарса, оның 16-сы әдіскер, 170-і маман.

Катонқарағай ауданында "Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психологиялық-потологиялық ауытқушылықтары бар мүгедектерге және қарт кісілерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аудандық орталығы" бар. 198 адамға арналған ол орталықта қазіргі таңда 178 адам қаралуда. Оның 20-сы балалар. Мекемеде 63 адам жұмыс істейді.

Следующая →