Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Үлкен Нарындағы үлкен ұрлықтар ашылмай тұр

Ұланда ушығып тұрған мал ұрлығы туралы жазған болатынбыз. Енді, міне, Катонқарағай ауданында да "төрт түлік малға жасалған қастандықтың" өршіген үстіне өршіп, тіпті тыйылмай тұрғаны жайлы хабар келіп жетті

Қотанқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын елді мекеніне қарасты Көкбастау ауылында мал ұрлығы 3 жылдан бері белең алып тұр. Күз басталса болды, баукес-
пелер момын елді басынатын көрінеді. Әккі ұрылар үйдегісін үйден, түздегісін түзден қоймай әкетіп жатса да, ауылдың сабырлы да көнбіс, байыпты да шыдамды халқы жер-көкті дүрліктірмейік деп, бір жағы "жоғары жаққа қатты айтып жіберсек, сау басымызға сақина тілеп аламыз" деп қорыққаннан үндемей, құдайдан ғана медет тілеп келген. Тоқты-торым, тайынша-сиыр, тай-құнанын алдырып, сан соғып сансырап отырған ауылдың жұртын жасқанбай ашық пікір білдіруге шақырған, өз үй-ішін сұхбат беруге көндірген, ауылы үшін жан ұшырып жыларман болған Жаңанұр деген батыл қыз еді біздің редакцияға хат жолдаған. Әуелгі мән-жайды қарындасымыз айтып берді.
- Осымен үшінші жыл қатарынан малымыз жоғалуда. Әр жолы 3-тен, 5-тен ұрлап әкетеді. Күз болса болды, көресіні осы ұрылардан көреді Көкбастаудың халқы. Осы уақытқа шейін не мал, не ұры табылған жоқ. Әкем, керек болса, қалалық департаментке дейін арыз жазды. Еш пайда жоқ. Ауылдың малмен жан бағып отырған тұрғындары зар жылауда, - дейді Жаңанұр Дәулетбек есімді студент қарындасымыз. 
Былтырғыны айтпағанда биылдың өзінде Шыңлидан 2 тоқты, Нұрқуаттан 2 қой, Ермұраттан 1 тайынша, Бақытбектен 1 тайынша, Айдөштен 1 жылқы, Ернаттан 1 жылқы, Қанаттан 2 тайынша, Дәулетбектен 2018 жылдан бері 8 сиыр жоғалған. Жоқ іздеушілер жергілікті учаскелік инспекторға, ауылдың да, ауданның әкіміне шағымданған, арыз түсірген. Амал нешік, із кесушілер мандытып із кесе алмаған тәрізді.
- 1 апта бұрын жоғалған жылқым көрші ауылдан табылды, шамасы бөтен аттарға ілесіп кеткенге ұқсайды. Ал тайыншам ұшты-күйлі жоқ. Полицияға арыз жазсақ, "күдіктенетін кімдерің бар" деп өзімізден сұрайды. Үйімізге күнде келеді де, қоятын сауалдары біреу: "осы ауылда кімнен күдіктенесіңдер?". Біреуден күмәндансақ, аңдып жүріп, тінтіп жүріп, өзіміз-ақ тауып алмаймыз ба, қызық! Тағы бір қызық нәрсе, ауылдың бір басында ірі қара мен құнан-жылқы жоғалса, бір жағынан тоқты-торым мен қой ұрланады. Үлкен малды даладан айдап әкетсе, қойды түнде не таңға жуық қорадан алып кетеді. Ауылда қасқөйлерге хабар беретін, кімде не барын білетін, керек десеңіз малды шығарып беретін біреу бар болуы да мүмкін. Бірақ қылмыс үстінде ұстап алмағаннан кейін жазықсыз біреуді ғайбаттап, күнә артып кінәлай алмаймыз, -дейді Бірлік Қанатұлы.
Көкбастауда көбінесе Дәулетбек ағаның малдары ұрланады дейді көлденең жұрт. Ең көп жапа шеккен тұрғынның өзімен де телефон арқылы тілдесіп көрдік.
- 2018 жылы дәл осы қарашаның 23-і күні өрістен сиырымды әкетіп еді. Былтыр алтыншы айдың 12-сінде екінші қызымыздың оқу бітіру кеші болып, үй-ішімізбен мектепке кеткенбіз. Тура сонымызды аңдып отырғандай қорада тұрған бір бұзауды енесіз жетім қалдырып, 3 сиырды 2 бұзауымен ұрлап кетті. Сол күні ауылда не болып жатқанын, бізді жақсы танитын, мектепке баратынымызды жақсы білетін біреу айтпаса кім, қайдан біледі? - деп мұңын шақты Дәулетбек Мәтейұлы.
Үлкен Нарыннан 12 шақырымда орналасқан Көкбастау ауылында 60 шақты үй бар. Ғаламтор жоқ. Жолдары шығыстың көп ауылдарының жолынан еш айырмашылығы жоқ - нашар. Таксилердің өздері "еее, Көкбастау ауылы ма, жолдарың жөнделіп пе еді, сол баяғы қалпы болса бармаймыз" деп Өскеменге қайтатын студенттерді алып кетуге кейде ауылға кірмейтін көрінеді. Алтайдың өне бойының шөбі шүйгін, көк майса балауса болғандықтан, мал жайылымына өте қолайлы жер. Бірақ естуімізше мал өрісінің өзі қазір тарылып қалған екен.
- Ауылдың іргесіндегі бұрын мал жайып жүрген 40-50 гектар жерді егістікке арналған деп жыртып тастады. Құжат бойынша расымен солай, тек ол 2008 жылы заңдастырылған құжат екен. Nur Otan партиясының өкілдері, аудан басшылығының қызметкерлері келіп, көріп, тексеріп "құжат заңды" деп кетті. Біздің хәл-жайымызға құлақ та асқан жоқ. Енді тым құрығанда таулы алқаптағы жайылымға да шыға алмай қалдық - төрт түлікті айдап апаратын жолды сол жыртылған егістік жер жауып тастап отыр. Мал жаю қиындап, жайылым тарылып қалды, - дейді ауыл тұрғыны Азат Дүйсенбайұлы.
Айта берсе халықтың мұң-зары, өкпе-реніші, жаза берсек біздің айшықты айғақ сөздеріміз таусылмайды. Бұған нүктені бір қойса Катон-қарағай ауданының әкімі қояр. Өзі басқарып отырған өңірдің ел-жұртының тілін табар, қатулы қабағын жазар деген үміттеміз.

Следующая →