Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Тарбағатайдағы алыс ауылдардың медпунктілеріне көмір неге дер кезінде жеткізілмейді?

Тарбағай ауданына қарасты Ойшілік ауылдық округінің әкімі Ержан Кәрібайұлы өткен аптада Ақжал және Айнабастау ауылдарында болып, тыныс-тіршілігін бақылап қайтты

- Ақжалдағы медициналық бөлімінің жағдайынан да хабардар болдым. Медпунктіге әлі көмір әкелмепті. КамАздар көмірді Ойшілік ауылына түсіріп кетіпті. Ал Ойшіліктен Ақжалға дейін 40 шақырымдық жер. Медбике көлік жалдап алдырайын десе, көлік қызметіне 25000 теңге сұрайды. Бұл бір тоннадан артық көмірдің құны. Бар-жоғы 5 тонна (көлеміне қарасаң одан да аз сияқты) көмірді 25000 теңге төлеп әкелсе не болмақ? Сондықтан, денсаулық сақтау басқармасының басшылары ойланып, Ақжал, Айнабастау, Тана мырза, Есім ауылдарындағы медициналық пунктілерге тиесілі көмірлерін жеткізіп берсе өте жақсы болар еді, - деген еді Ойшілік ауылдық аумағының әкімі Ержан Кәрібайұлы.
Аумақ басшысының осы базынасынан кейін Тарбағатай аудандық орталық ауруханасының басшылығы барлық медпунктілерге көмір отынын жеткізіп берген екен.
  
Алдағы уақытта да жергілікті басшылар өз қарамағындағы елдің мұң-мұқтажын жоғары жаққа жеткізіп, түйткілді түйіндердің шешілуіне мұрындық болып жүрсе, халық игілігіне жасалған іс болмақ.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Тарбағатай Көмір