Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО Полициясы Аягөздегі төрт баланың жарақаттан көз жұмғандарын жоққа шығарды

Бұған дейін БАҚ Аягөз қаласындағы психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған интернатта қайтыс болған балалардың денелерін эксгумациялау нәтижесінде жарақаттар анықталғанын жазған

Көктемде орын алған резонансты оқиға елді дүрліктіріп, арнайы тексеріс жүргізілген. Ол кездегі ресми ақпараттар бойынша, балалар туабітті және ілеспе аурулары салдарынан қайтыс болған. Алайда Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин олардың үшеуінің денелерінен жарақат іздері табылғандығын және ол өлімге себеп болуы мүмкін екенін жариялады. Омбудсмен қайтыс болған төрт баланың денесіне эксгумациялау бойынша мемлекеттік органдардан ресми жауап алғаннан кейін осындай шешімге келген.
 
Бірақ ШҚО Полиция департаменті бұл жарақаттар өлім себебі емес екенін хабарлады.

- ШҚО прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының  басшылық  етуімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Аягөз қаласында орналасқан арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында тәрбиеленушілердің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізген, - депмәлімдеді ШҚО Полиция департаменті. - Тергеу барысында эксгумация және екі комиссиялық сот-медициналық сараптамасы жүргізілді. Комиссия құрамына балалар инфекционисті, кардиолог, анестезиолог – реаниматолог, нейрохирург, педиатр, Нұр-Сұлтан қаласынан гистолог-сарапшылар және Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздік сапасын бақылау комитетінің мамандары қатысқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, балалардың өлімі өкпе фиброзы, екі жақты іріңді бронхолық пневмония сияқты жанама аурулардың салдарынан болған.

Алайда мекеме мәйіттерді тексеру барысында үш балада, осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған дене жарақаттары анықталғанын растап отыр.
    - Осыған байланысты, ауыр дене жарақаттарын алу фактісі бойынша қылмыстық істер бөлек өндіріске шығарылып, ары қарай тергеу үшін Полиция департаментіне жолданған, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.
Қазіргі уақытта Тергеу басқармасымен аталған дене жарақаттарын алу жағдайын анықтауға бағытталған бойынша қосымша шаралар қабылданып жатыр.

Арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында тәрбиеленушілерге тиісті медициналық көмек көрсетпеу фактісі бойынша қылмыстық іс арнайы прокурорлармен сотқа жолданған. Ал өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Следующая →