Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Көкпекті ауданында қарттарға қызмет көрсететін орталық іске қосылды

Орталық мамандары керек-жарақтың бәрін үйге дейін жеткізіп береді

Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, қарттарға қызмет көрсететін орталық ауданға қарасты барлық ауылдарда іске қосылған. 
- Аудан бойынша барлық ауылдық округтерде CALL-орталық іске қосылды. Енді ата-әжелеріміздің ешқайсы, үйден шықпай-ақ, ұялы байланыс нөмірі арқылы көмек шақыра алады, - деді аудан әкімі Серікқазы Садуақасов.
Әкімнің әлеуметтік желідегі парақшасына желі қолданушылары ауылдағы қарт адамдардың аты-жөнін тізімдеп қалдырып жатыр. Олар ұялы байланыс қолдана алмайтын адамдарды да назардан тыс қалдырмауды өтінеді.
- "Тағамның асылы - қара нан, адамның асылы - кәрі анаң" демекші, қысылтаяң уақытта қарттарға көңіл бөлінгені өте дұрыс болды. Ауылдарда елеусіз көлеңкеде қалып қоятын қарттарымыз баршылық. Мың жерден туысы болса да, қарттың аты - қарт. мұқтаж дүниелері көп болады, - деп жазды Асыл Қайырбекова.

Следующая →