Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Абай ауданына су тартылды, енді күн суытпай үйге кіргізіп алу керек

Абай ауданындағы Қарауыл ауылында "Таза су" бағдарламасы аясында аудан орталығы су құбырларын қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жоба бойынша су жүйесі әр тұтынушының үйінің қоршауына дейін жеткізіліп жатыр

- Жобаға сәйкес Сіздер ендігі кезекте одан әрі су жүйесін үйлеріңізге тартқызып, қосқызуларыңыз қажет, - деп ескертеді аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров. - Тиісті жұмыстарды өз тараптарыңыздан атқаруға немесе Қарауыл ауылдық округінің әкімдігі арқылы ШЖҚ "Риза" КМК көмегіне жүгінуге болады. Бұл аса маңызды шаруа екенін ескере келе, су жүйесін күн суытпай шұғыл арада кіргізулеріңізді сұраймыз. Әсіресе алғашқы кезекте Ұлжан, Шәкәрім, С. Сүндетбаев, Көкбай, Зере және О. Құтжанов көшелері. Әрі қарай кезең-кезеңімен іске асырылады.
Айта кеткен жөн, қазу жұмыстары ақылы негізде жүргізіледі. Су құбырын және керек заттарды тұрғын үй иесі өзі қамтамасыз етуі қажет болады.
- Су құбыры жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, іске қосылғаннан кейін бұрынғы су құбыры желісінің және құдықтардың жұмысы тоқтатылатындығын ескертемін. Тұрғын үйлерге су жүйесінің уақтылы енгізілмеуі су құбырларын байланыс-тыруда қиындық тудырады, - дейді Жарқынбек Борашұлы.
Толық ақпарат алу үшін Қарауыл ауылдық округінің әкіміне 9-17-55, 9-17-67 номерлеріне хабарласуға болады.
Следующая →