Өскемен
пасмурно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
448.41
+1.26
481.05
-4.69
¥
61.96
+0.13
4.79
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Абай ауданында жаңа мектеп ашылды

Қарауыл ауылында ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу қарсаңында 300 орындық жаңа мектеп бой көтеріп, пайдалануға берілді

Абай ауданы әкімдігі мәлімдегендей, жаңа білім ошағына ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Жалпы орта білім беретін мектеп-лицейде оқу-тәрбие үрдісі екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
- Мектеп Назарбаев Зияткерлік мектебінің стандарттарына сәйкес заманауи оқу жабдықтарымен, оның ішінде физика, химия, биология және тілдік пәндерді жаңа модификациялауға арналған кабинеттермен жабдықталған, - дейді әкімдіктегілер.
Жалпы 547 оқушы білім алып отыр. Мектепалды даярлық сыныптарында 63 тәрбиеленуші бар. 1-4-ші кезекші сыныптар бойынша 14 сынып-жиынтықтары ашылған. Жиыны 229 бас-
тауыш сынып оқушылары білім алып отыр.
- Жаңа мектеп пайдалануға берілгеннен кейін жаңа оқу жылы халық үшін, шәкірттер үшін үлкен қуанышқа айналды, - дейді Абай аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Бурхан Мұратов. - Нысанның сәулеттік келбеті келуші қонақтардан да оң бағасын алып үлгерді. Мектеп қарсысына шынар ағаштары отырғызылып, кіші архитектуралық формалар қойылған. Ауыл тұрғындарына, келушілерге әсемдік сыйлау мақсатында гүлзарларды абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Следующая →