Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

1 қарашадан бастап ШҚО-да жаңа шектеу шаралары енгізіледі

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а. Талғат Тұңғышбаев өңір халқына мәлімдеме жасады

Оның сөзіне сүйенсек, көп ұзамай жаңа Қаулы жарияланады.

- Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары, өздеріңіз білетіндей, бір тәулік ішінде өңір бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 139 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден асып, 683,6 құрап отыр, - деді Талғат Тұңғышбаев.  - Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу іс-шараларын сақтамауы, сондай-ақ шектес мемлекеттермен жалғасатын жолаушылар мен жүк ағындары болып табылады.

Осыған байланысты ҚР Үкіметінің келісімі бойынша 2020 жылғы 1 қарашадан бастап ШҚО-ның сыртқы шекараларында блок-бекеттерді енгізе отырып, шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмірінің жағдайларына шектеу шаралары енгізіледі.

- Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалда өңір басшылығы Өскемен қаласы мен облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚКО-лар жұмыс істейді. Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан барынша қорғауға тырысамыз, - деп атап өтті ол.
Следующая →