Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Барлық бітелген нөсер суағарлары 1 желтоқсанға дейін жөнделіп бітеді

Сенбі күні жүргізген рейд барысында Өскемен қаласының әкімі Өндіріс, Тракторная, Жұмысшылар көшесіндегі жөндеу жұмыстарын тексерді

Аталмыш көшелердің жаяу жүргіншілер жолын жөндеу үшін қалалық әкімдікке "Казцинк" ЖШС өндіріс орнының басшылығы өтініш жасаған. Өйткені, зауыттың қызметкерлері мен жұмысшыларының көбі дәл осы көшелерде  тұрады.
- Осы жолмен адамдар таңертең-кешке жұмысына барып келеді. Велосипедпен жүретіндер де жоқ емес. Бірақ мына жолдардың сапасы сын көтермейді. Көптен бері жөндеу көрмегені көрініп-ақ тұр. Сол үшін биыл осы ауданда ауқымды түрде жөндеу жұмыстарын бастап та кетті. Әуел баста Өндіріс көшесіндегі барлық ағаштарды тып-типыл етіп отап тастау жоспарда болатын. Кейін өсіп тұрған алма, қайың ағаштарының сау әрі жемісті, әдемі екендерін көрдік, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
- Бұрын адам жүретін жолдары небәрі 1 метр болатын. Ескі қоршауларды бұзып көлденеңі 2 метр жол салдық, - деп мәлімдеді "Взрывпром" ЖШС мердігер компаниясы директорының орынбасары Александр Игнатьев.
"Катон-Қарағай ПДУ" ЖШС бригадасы Жұмысшылар көшесінің құрылысын аяқтап та қалыпты. Жаңартылған жол Бажов көшесімен қиылысады. Қала басшысының айтуынша, келер жылы Белинский көшесіне де тура осындай жөндеу жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, суағар кәріз жүйелеріне қатысты барлық қиындықтар, мәселелер желтоқсанның 1-іне дейін өз шешімін табады. 
Следующая →