Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-да 40-қа жуық автобус жүргізушісі телефонды пайдаланғандығы үшін жазаланды

Шығыс Қазақстанда 21-23 қазан аралығында "Автобус" жедел алдын алу шарасы өтуде

Алғашқы күні ШҚО Полиция қызметкерлері 330-дан астам автобустың электр жабдықтарының жағдайына сәйкестігін тексерді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тәртіп сақшылары маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 43 жүргізушіні, қозғалыс кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 40-қа жуық жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ақаулы жағдайдағы автобустарды желіге шығарғаны үшін автобус парктері басшыларының қатарынан бес лауазымды тұлға тартылды. Сондай-ақ, полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері жол берген 247 ЖҚЕ бұзушылығын анықтады.

- Қоғамдық көлікті қайта жабдықтаудың үш фактісі анықталды, 12 автобус міндетті техникалық байқаудан өтпеген, 17-сі қозғалтқыштың пайдаланылған газдарындағы шығарындылар нормасынан асып кеткен, - деді ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Облыс аумағындағы "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы 23 қазанға дейін жалғасады.


Следующая →