Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

Кәсіпкерлер мен сатушылар санитарлық талаптарға пысқырып та қарамайды

Өскеменде облыстық және қалалық әкімдік қызметкерлері, тәртіп сақшылары, бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті өзін-өзі басқару комитеті бірлесіп апта сайын тексеріс жүргізеді

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын және орта бизнестің өкілдерінің ішінде карантин ережесін сақтап, заң талаптатын мүлтіксіз атқаратындар сирек. Мысалы, тексеріс тобымен бірге жүрген Устинка  LIVE тілшісінің айтуынша, ешбір ереже бұзылмай, санитарлық нормалар толық сақталған "Орталық" сауда үйі ғана. Есіктен бетперде таққан, қолында термометрі бар күзетші күтіп алды. Еденде дымқыл, зарарсыздандырылған кілемше төселген. Сауда орындарының сатушылары бетперде тағып, қолғап киген. Кіреберісте тазалық кестесі жазылған. Барлық қажеттіліктер тиісті орнында жеткілікті деңгейде. Әрі қарайғы тексерістер көңіл көншітерлік емес.

Жалпы қала бойынша рейд жүргізетін 11 топ бар. Олар әр күні сағат таңғы 10:00-ден кеш батып, қас қарайғанша қаладағы сұлулық салондарын, банк мекемелерін, киіну сауда орталықтарын, тамақтану орындарын, т.б. аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мақсаты – айыппұл салу емес, ескерту, бас санитар дәрігер белгілеген заң мен ереже талаптарын орындауға шақыру. Алайда, тексеріс тобының 2 мәрте ескертуін елемей, басынғандық танытып, қызметкерлермен келіспейтәін, өте өрескел бұзған сатушыларға, кәсіпкерлерге хаттама толтырылып айыппұл салынады.

Негізі бұл мобильді топтардың 1 күндегі атқаратын шаруаларының өзі оңай емес. Бір мекеме бару үшін 1 сағат уақыт кетеді. Оның бәрін автобус, таксимен емес жаяу шарлайды. Қаншама жүйке жұқарып, көңіл-күй күніне 1000 құбылады.
- Түгел облыс бойынша осындай 42 тексеріс тобы құрылды. 1-21 қазан аралығында облыс көлемінде 493 рейд жүргізіп, 6091 нысанды тексерді. ҚР кодексіне сәйкес 1 бөлімнің 425 тармағы бойынша 137 айыппұл салынды, - дейді облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз  хатшысы Бағлан Тауанова.
Бағлан Тауанованың мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы қазір "сары аймақта" тұр. Біздің өңірде басқа облыстармен салыстырғанда ауру жұқтыру фактісі басым. Бірақ соған қарамастан ШҚО тұрғындары санитарлық дәрігерлердің талап-ережелеріне бағынбайды.
Следующая →