Өскемен
ясно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
-0.52
476.78
-4.27
¥
61.89
-0.07
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Катонқарағайда жабық бассейн болады

Өңір басшысы Даниал Ахметов Катонқарағай ауданындағы бірқатар ауылдарды аралап, шекаралаық аудандарды дамытудың кешенді жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты

Тікұшақтан түсе салысымен облыс әкімі ең бірінші Катонқарағай ауылындағы орталық саябаққа бет алды. Мұнда биыл ауқымды құрылыс жұмыстары өткізіліп жатқандығы баршаға белгілі. Әуелі Даниал Кенжетайұлы "Билдер Голд" атты мердігерлік компаниясы өткізіп, бүгінде жұмысы толықтай аяқталған саябақ аумағындағы абаттандыру жұмысымен танысып, атқарылған іске жоғары бағасын беріп, бұл жердің ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін демалыстарын тиімді өткізулеріне бірден бір орын болатындығын атап өтті. Еске салып өтейік, саябақтағы абаттандыру жобасының жалпы құны 100 млн теңгені құрайды. Оған саябақты қоршау, балалар ойын алаңын салу, субұрқақ орнату, жаяу жүргіншілер жолын төсеу, орталық стадионды жөндеу секілді жұмыстар енген. Одан бөлек, саябақ аумағына 200-ге тарта шырша көшеттері отырғызылды.

Одан кейін облыс басшысы осындағы бой көтеріп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі құрылыс жұмыстарын көрді. Мердігерлік ұйым болып табылатын "Qazconstructions" ЖШС-ның басшылығы облыс әкіміне аталмыш нысан келер жылдың сәуір-мамыр айында қолданысқа берілетіндігін жеткізді. Жалпы құны 730 млн теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде барлық талаптарға сай жабық бассейн болады. Мердігерлердің айтуынша, биылдың өзінде негізгі құрылыстық-монтаждық жұмыстарды, қазандықтар орнату, инженерлік коммуникация желілерін жүргізу сынды жұмыстар аяқталады.
 - Жалпы атап өтерлік жайт, шекраалық аудандарды дамыту жоспары бойынша 209 млрд теңге қаражат қарастырылса, бүгінде соның 45 миллиарды бөлініп қойды. Соның ішінде Катонқарағай ауданында 76 жоба іске асырылуда. Олардың жалпы құны 6,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл қаражатқа аудандағы білім беру, мәдениет ошақтарына жөндеу жұмыстары өткізілді, елді мекендерге абаттандыру жүргізілді, аудан ішіндегі жолдар жөнделіп, асфальт төселді. Ал енді мына салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені мені қатты қуантып отыр. Ертең бұл ауыл тұрғындары, соның ішінде балалардың жыл бойында спортпен шұғылдана алатын бірегей орны болмақ. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына үлкен септігін тигізері анық, - деді өз сөзінде Даниал Кенжетайұлы.
Следующая →