Өскемен
ясно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +10°
$
446.78
484
¥
61.77
4.84
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыстың қандай жолдары ақылы болмақ?

ШҚО-да 2021-2024 жылдары бірқатар тасжолдар ақылы жүйеге көшпек

Бірінші ақылы жол алдағы жылы іске қосылады, деп ақпарат таратады Устинка LIVE тілшісі. Бұл - мемлекеттік маңызы бар Кереку, Семей арқылы ҚХР шығатын Кереку – Семей – Қалбатау тасжолы.

2022 жылы Таскескен – Бахты, 2024 жылы талдықорған – Өскемен, Қалбатау – Майқапшағай тасжолдарымен өтетін автокөлік иелері бұрынғыдай тегін жүре алмайтын болады.
- Ақылы жүйені енгізер алдында жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Қоғамдық тыңдауда олардың талап-тілектерін де ескереміз. Төлеу әдістері және бағасы, арнайы жеңілдіктер ҚР инфрақұрылым және өндіріс министрлігінің бұйрығымен бекітіледі, - дейді "ҚазАвтоЖол" ТК ШҚО филиалының басшысы Ерлан Калымов.
Директордың айтуынша, жол жүру құны көліктердің көлеміне қарап белгіленбек. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарға жеңілдіктер жасалатын болады. Ашық түрдегі төлем болатындықтан ешқандай шлагбаумдар қойылмайды.

Халыққа ыңғайлы болу үшін онлайн төлем әдісі қарастырудамыз. Бүгінгі таңда ондай әдістің 20 түрі бар. Мысалы, Киви терминалдары, ғаламтор-банкингтер, КиберПлат, Касса24, KazToll сайтында және т.б. Сонымен қатар, ұялы телефонның СМС бірліктері арқылы төлеуге болады. Жол жиектерінде жұртшылыққа кеңес беретін орталықтар да ашылады.

Қазақстанда ақылы жолдар "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында іске қосылып жатыр. 2025 жылға дейін өзін-өзі ақтайтын жолдар 45 %-ға жету керек. Ерлан Бақытұлының мәліметінше, жол деген демалысы жоқ жыл бойы үздіксіз еңбектенуді талап ететін жұмыс. Қыста қар тазалау керек, бораннан қорғайтын қақпалар орнату керек, патрульдік қызметтер мен кезекшілік тағы бар. Жазда сызықтар мен жолақтарды салу, қоқыс тазалау, жол белгілерін орнату қажет болады. Осының бәрі жолдан түскен қаражатпен қаржыландырылады.
Следующая →