Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО бас санитар орынбасарының қаулысы жарияланды

17 қазан сағат 00.00-ден 31 қазан сағат 00.00-ге дейін облыс және Өскемен, Семей, Риддер қалалары, Курчатов қалалары мен аудандар аумағының периметрі бойынша шектеулер сақталады

Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жаппай демалыс орындарына жеке немесе 3 адамнан аспайтын топпен баруға рұқсат етіледі. Бұдан басқа, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, митингілерді, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге; ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің жұмысына; қалааралық автобус жолаушылар тасымалының жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне жұмыс режимін 22.00-ден 7.00-ге дейін шектей отырып, Ұжымдық іс- шаралар өткізбей, 30 отыратын орыннан аспайтын, азық-түлік дүкендеріне - 22.00-ге дейін, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларға - 17.00-ге дейін, ғимараттан тыс жерлерге - 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар Риддер қаласында, Глубокое ауданында (Кожохово а., Белоусовка а, Глубокое а.), Алтай ауданында (Алтай қ., Парыгино а., Соловьево а.) кезекші сыныптардың қызметі ерекше өкімге дейін тоқтатыла тұрады.

Қаулының толық мәтінімен сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/documents/details/77416?lang=ru бойынша танысуға болады.
Следующая →