Өскемен
пасмурно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +2°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
448.41
+1.26
481.05
-4.69
¥
61.96
+0.13
4.79
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Аягөздегі Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа көшті

Аягөз ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Енді тұрғындар аталған мекеменің көмегіне жүгіну үшін Дүйсенов көшесі, 102/1 мекенжайына баратын болады

Аталған мекеме бұрын Бауыржан Момышұлы, 75а мекенжайында орналасқан болатын. Енді Аягөз қаласының және аудан тұрғындары құжаттарды рәсімдеу қызметін, барлық қажетті анықтамаларды жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алады. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, жаңа ғимаратта мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін барлық жағдай жасалған.
- Халыққа қызмет көрсету орталығы автотұрақ пен тар орын мәселесін шешу үшін ғимаратты ауыстырды. Сондай-ақ, жаңа мекемеде мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылар үшін электрпандус жұмыс істейді, - дейді Азамат Есембулов.
Сонымен қатар, жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығында құжаттарды қабылдау үшін және "Connection Point" өзі-өзіне қызмет көрсету секторында жұмыс терезелерінің саны артты.
Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары штаттық режимде жұмыс істейді. Коронавирустық пандемия жағдайында қосымша қорғаныс шаралары қабылданды. Санитайзерлер орнатылды, белгілер қойылды және т.б.
ХҚО жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Сенбі күні сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.

Следующая →