Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Бесқарағайда 30 жылдан кейін автобекет қайта ашылады

Бесқарағайға 30 жыл бойы автобус қатынамаған. Жергілікті халық алыс-жақын ауылдар мен аудандарға таксимен ғана барып-келуге мәжбүр немесе тас жолға шығып, автобусқа жол ортадан мінгеседі екен

1990 жылдардан бері Бесқарағай ауылындағы автобекет қызметі тоқтап тұр. Автобекет ғимараты бар, тек тозығы жетіп, қаңырап қалған. 
Биыл бұл мәселе шешімін табатын сыңайлы. Өйткені әкімдік маусым айында ескі автобекет ғимаратын сатып алып, жөндеу қажеттігі туралы шешім қабылдап, оған қажет соманы да бөлген.
Бесқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2020 жылдың 17 маусымында өткен Бесқарағай аудандық мәслихатының сессиясында автобекет ғимаратын сатып алып, оған ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 10 миллион теңге көлемінде қаражат бөлу туралы шешім қабылданған. 
- Ал 11 тамыз күні 4,3 млн теңге көлеміндегі қаражатқа автосанция ғимаратын сатып алудың қабылдау актісіне қол қойылды, - деп мәлімдеді ауданның ішкі саясат бөлімі. - Бүгінгі таңда жеке кәсіпкермен сатып алынған автостанция ғимаратына жалпы сомасы 5 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарт жасалуда. Автобекеттің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оны сенімгерлік басқаруға беру жағы жоспарланып жатыр.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта аудандық сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Бесқарағай ауылындағы автобус қатынасын жолға қою мәселесін қатар қарастырып жатыр.
- Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер компаниямен келіссөздер, қағаз-құжат жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді Бесқарағай ауылдық округі әкімдігіндегілер. - Шамамен, қазан айы бойы ғимаратты қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі. Алдымен касса және күту залын жылдамырақ бітіруді талап етеміз. Электр жарығы, жылу, су тарту жұмыстары да біраз уақытты алады. Қараша айында ашылады деп үміттенеміз.
Бесқарағай ауылдық округі әкімдігіндегі маманның сөзіне сүйенсек, КСРО кезінде тоғыз жолдың торабындағы бұл бекеттен тек қана ауыл-аймақ емес, басқа аудандарға да автобус жүріп тұрған. Кеңес үкіметі ыдыраған соң автобекет жекенің қолына өтіп, артынша иесі бұл жерден дәмхана ашып алған, ұзақ уақыт бойы ғимарат кепілдікте тұрған. Кейін ЖШС-лардың бірі сатып алған. Тәуелсіздік алғаннан кейін тағдыры таланға түскен ғимаратты енді әкімдік жөндеп, қайта автобекетке айналдырмақ. Ал қай бағыттарға автобус қатынайтын болады?
- Бұл аудандық әкімдік құзіретіндегі сұрақ. Омбы-Майқапшағай тас жолы бойында жатқаннан кейін осы жол бойымен өтетін Астана, Павлодар, Өскемен, Семей бағыттарының барлығы қамтылады деген ойдамыз, - дейді ауылдық округ әкімдігіндегілер.
Мәселен, Бесқарағайдан Семейге дейін такси 1500 теңге алады екен. Енді автобус жүрсе, 900-1000 теңгенің айналасында болады. Бұл дегеніміз қараша халыққа едәуір жеңілдік.
Следующая →