Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Жаңа Ахмер кентіндегі қазандық жылыту маусымына дайын

Екі мыңнан астам әскери қызметкер мен олардың отбасы биыл қыста тоңбайтын болды

Бұған дейін де Жаңа Ахмер кентінің тұрғындары 10 жыл бойы өз пәтерлерінде тоңып, жылусыз отырғанын жазған болатынбыз. Пәтер ішінде температура 10-12 градус нөлден жоғары. 

Ал биыл ҚР Қорғаныс министрлігінің балансындағы қазандық "Өскемен жылу желілері" АҚ басқармасына беріліп, қалалық бюджеттен бөлінген 36,6 млн теңгеге жөндеуден өткізілген. 

- Алты қазандықта жөндеу жүргізіліп, жылу желілері ауыстырылды, қазандық ғимараты жөнделді. Көмірдің екі айлық қоры бар. Кенттегі көпқабатты 13 үйді жылу желілеріне қосамыз. Екі мыңнан астам тұрғын қысты жылы үйде өткізетін болады, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. - Ыстық су мәселесі де енді ұмыт болады.

Мердігер компания қазандықты қайта құру жұмыстарын қазан айының басына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Следующая →