Шығыс Қазақстанның 1 миллионнан астам тұрғынына көмір жеткізілді

Бүгінгі күні жылыту маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде
28 қыркүйек 2020 года, 17:40 531 Назерке Кәрімова
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Шығыс Қазақстанның 1 миллионнан астам тұрғынына көмір жеткізілді
Фото: © "ШҚО Ақпараттық орталығы" АКҚ-дан
ШҚО-да әлеуметтік ғимараттар мен көпқабатты тұрғын үйлерге 25 қыркүйек күні жылу берілді. Энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, бюджеттік ғимараттар дайын және 100% көмірмен қамтамасыз етілген. Әсіресе, өмір сүру нысандарын отынмен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыстағы ЖЭЦ пен жылу көздерінде 290 мың тонна немесе 140% қор бар. Жеткізу келісімшартқа сәйкес жүргізілуде.

Тұрғындардың жылыту маусымындағы жалпы қажеттілігі 1123,6 мың тоннаны құрайды. 1101,7 мың тонна көмір немесе 98% жеткізілді.

Жалпы айтқанда, облыстағы барлық өмір сүру нысандары жылыту маусымына дайын.
Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты әлеуметтік ғимараттар мен көпқабатты тұрғын үйлерге 25 қыркүйектен бастап жылу қосылды.

25 қыркүйектегі ақпаратқа сәйкес, облыстағы 11 денсаулық сақтау нысаны мен 302 мектепке жылу қосылған.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз