Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-ның үш ауылына жоғары жылдамдықты Интернет қосылды

Барлығы 250 адамнан артық халқы бар тағы 18 елді мекенге оптикалық-талшықты байланыс желілері 2021 жылдың қыркүйегіне дейін тартылып бітеді

Ауылдық жерлерді кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз етуді 2018 жылдан бері  "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы бойынша  "Транстелеком" АҚ қолға алған.
- Ауылдық орындардағы жеке тұлғаларды ғаламтормен қамтамасыз етудің маңызы зор, - деп атап өтті  "Осементранстелеком" филиалының басқарушы директоры Ғазиз Бердібаев. - Ғаламторға қолжетімділік, цифрлық қызметер әлеуметтік теңсіздікті жойып, кішкентай ауылдардағы өмірді заманауи әрі жайлы ете түспек. Бұл әсіресе қазір, балалар қашықтан оқып жатқан уақытта маңызды. Біз 250-ден астам адам тұратын ШҚО ауылдарына оптикалық-талшықты желілер тартып жатырмыз. 
Биыл Ұлан ауданындағы  Ново-Троицкое ауылы, Огневка кенті мен Глубокое ауданындағы Алтай кентінің тұрғындары кең жолақты интернеттің қызығын көре бастаған. 2021 жылдың күзіне дейін келесі ауылдарға тартылады деп жоспарлануда: Глубокое ауданындағы  Винное,  Тарханка,  Ушаново, Степное,  Бобровка, Верхнеберезовский, Перевальное ауылдарына; Өскемендегі Солнечное кенті; Шемоаниха ауданындағы  Рулиха ауылы; Риддердегі  Пригородное кенті, Алтай ауданындағы Зубовка, Прибрежный, Тұргысын, Малеевск, Октябрь, Первороссийское және Парыгино ауылдары.

Следующая →