Зайсан ауданында 31 жоба жүзеге асырылып жатыр

Биыл Зайсан ауданында "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында жолдар жөнделіп, көшелерге жарық орнатылуда
24 қыркүйек 2020 года, 16:12 129 Таунар Қайрат
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Зайсан ауданында 31 жоба жүзеге асырылып жатыр
Фото: © nashiusa.com
Ауданда "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы шеңберінде 31 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 522 миллион теңге жұмсалмақ.
- Ауылдағы негізгі мәселе - жол мәселесі болатын. Кейде жауын жауғанда батпақ болып кетеді. Асфальт салынса, тіпті жақсы болады. Аудан орталығының жолдары да бүтінделіп қалды. Мұнда 8 көшеге асфальт жабынды төселді. Одан бөлек, бірнеше аулалар қоршалып, ойын және спорт алаңдары салынды. "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы арқылы жалпы жарты миллиард теңгеге 31 жоба іске асырылып жатыр, - дейді Қаратал ауылының тұрғыны Әденбек Мазбаев.
Бір қуантарлығы, мердігер компания ауылдарды абаттандыру жұмыстарына жергілікті тұрғындарды тартып, жұмыспен қамтуда. 
- Оның ішінде ауылдардағы ауыз су мәселелері, әлеуметтік нысандардағы ағымды жөндеу жұмыстары, көшелерді орташа жөндеу жұмыстары бар. "Жұмыспен қамту жол картасының" басты мақсаты - жергілікті халықты жұмыспен қамту. Ол жерде 152 адам жұмыспен қамтылып, жағдай жасалады, - дейді Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тілемісов.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз