Өзін полициямын деп таныстырған азамат жәбірленушіні алдап кеткен

47 жастағы әйел шілде айында Oppo телефонын жоғалтқан соң полиция бөліміне арыз түсіруге келіп, сол жерде отырған Фархат есімді бейтаныс жігітке жағдайын айтып берген
22 қыркүйек 2020 года, 09:03 440 Алексей Сафонов
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Семейчанин представился полицейским и обманул женщину
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © Архив редакции
Бейтаныс жігіт болса дереу қулығын асырып, құқыққорғау органында жұмыс істейтінін мәлімдеп, жоғалған ұялы телефонды тауып беремін деп әйелден 7 мың теңге алып ізін суытқан.

Көп ұзамастан, шынайы тәртіп сақшылары, болған істің мән-жайын анықтап, қылмыскерді ұстады. Ол бұрын сотталмаған, 23 жастағы Семей қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында қамкөңіл әйелді алдап, одан алған ақшаны өз қажетіне жаратқанын мойындады.
- Қылмыскерді анықтау барысында күдіктінің құқыққорғау органдарына еш қатысы жоқ екені анықталды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бап, 1-бөлімі бойынша "Алаяқтық жасады" деген айыппен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді ШҚО полиция Департаментінің баспасөз бөлімі.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз