Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыс Қазақстан алғаш рет "World cleanup day" атты бүкіл әлемдік экоакцияға қатысты

"World cleanup day" – бұл әлемдегі ең ірі акциялардың бірі. Биыл оған дүниежүзі бойынша 180 мемлекеттің тұрғындары қатысты

Акция аясында 30 мыңнан астам шығысқазақстандық айналаны қоқыстан тазалап, экологияны түзетуге үлес қосты.

ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Алиевтің айтуынша, аталмыш акция тұрғындардың қоршаған ортаға деген махаббатын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
- Тәртіпке бағыну бала кезден бастау алады. Ата-анамыз әрдайым бізге ауланы таза ұстауды үйретті. Біз қоғамдық орындарды ластамай, мәдениеттілігіміздің жоғары екенін көрсете білуіміз керек. Қазір әлемде технология мен өндіріс саласының қарқынды дамуына байланысты қоқыс көбейіп кетті. Өкінішке қарай, адамдар қоқыстың шектен тыс мөлшері зиян екенін түсінбейді. Біз кейінгі буын өкілдеріне тазалық пен тәртіпті сақтау маңызды екенін ұғындыруымыз керек, - деді Данияр Алиев.
Экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мектеп оқушылары, студенттер мен қоршаған ортаның жағдайына бейжай қарамайтын тұрғындар қатысты. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық талап қатаң сақталды. Әр аумақты тазалауға кем дегенде 10 адам атсалысты. Олар 1,5 метрлік қашықтықты сақтады.

"EcoJer" экологиялық бастамалар қауымдастығының ШҚО бойынша жетекшісі Елена Березинской – Абилованың айтуынша, аталмыш акция ұйымдастырылатыны туралы ең алдымен, әлеуметтік желілерде ақпарат таратылған. Кейін акцияға қатысуға ниет білдірген жандар көптеп табылған.
- Акция экология департаменті мен  "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің мұрындық болуымен өтті. Оған тұрғындар өз еркімен қатысып, қоршаған ортаны қорғауға үлестерін қосты. Мені жыл сайын экологиялық проблемаларды шешугекөп көңіл бөлініп келе жатқаны қуантады,  - деді Елена Березинская – Абилова.
Следующая →