Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Өрімдей бойжеткен көмекке мұқтаж

Терезеден сыртқа көз тас-тап, ойға шомып кетіппін. Көз алдымда түрлі адамдар, санқилы тағдырлар кино лентасындай сырғып өтіп жатыр. Рас-ау, адам өмірі недеген қызық, недеген күрделі десеңізші. Тіпті қабырғаңды қайыстырардай ауыр сынақтарды бастан кешіп жатқандар бар. Бірақ пенде бәріне де көнеді екен

Жуықта ғана ауыр сырқаттың құрығына ілінген Зайсан ауданы Жарсу ауылының тумасы Айтолқын Болаттың жағдайын біліп қайтқан едік. Өкінішке қарай, ауру меңдеген Айтолқынның хәлі біз ойлағаннан да ауыр болып шықты. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған ол қазір жалғыз әжесімен бірге тұрып жатыр.


Әже қамқорлығы

Айтолқынның арбаға таңылғанына биыл 5 жыл. Бүгінде ол Өскемен қаласында студенттерге арналған жатақханада қарт әжесімен бірге тұрып жатыр.
- Балам жастайынан әкесіз өсті. Әкесі із-түссіз кеткеніне талай жыл болса да, әлі күнге үміт үзбей іздеумен келеміз. Анасы баланы бағып-қағуға дәрменсіз болғандықтан бізге аманаттап, өзі басқа адаммен отбасын құрып кетті. Сосын баланы өз атымызға жаздырып, қамқорлығымызға алдық. Ата-ана махаббатынан еншісіз қалудың қаншалықты қиын екенін Айтолқыннан артық кім түсінер дейсің? "Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады" демей ме, байғұс баланың жаны ауырып кетті. Бір жағы ата-анасын сағынып сарылса, ал екінші жағынан белінен төмен сал болып, саруайымға түсуі болды, - дейді Айтолқынның әжесі Лайкен Солтабаева.
"Әке - асқар тау, ана - мөлдір бұлақ, бала - жасыл құрақ" деген еді халқымыз. Асқар тауынан адасып, мөлдір бұлағынан сусырап қалған бейкүнә қыздың жүзінде мұң тұнып тұр.
- Ол жарық дүние есігін аман-есен ашты. Өзге балалардай тілі ерте шығып, аяғын да жылдам басып жүгіріп кетті. Кейін қалаға қоныс аудардық. Баланы №44 мектепке беріп, соңынан №45 білім ордасында оқыттық. Мектеп қабырғасында жақсы үлгерімімен атасы екеуімізді қуантып жүрді. Десе де, жаратқан біздің бұл бақытымызды көп көрді ме кім білсін, қуанышымыз ұзаққа созылмады, - деп Лайкен әже терең күрсінді.

Белгісіз дерт дендесе...

Барлығы аяқ астынан болыпты. Немересі бұған дейін ауырмаған. Уақыт өте келе оның бойы бірден тез өсіп, салмағы мүлдем төмендеп кеткен. Тіпті сүйекке ет ілесе алмай қалыпты. Шарасыздықтан облыстық Ана мен бала орталығына апарып тексертеді. Тексеріс нәтижесі таза болып шыққан. Белгісіз сырқаттың сырына бойлай алмаған өскемендік дәрігерлер Айтолқынды Алматы облысындағы медицина орталығына жіберді. 
- Алматыдағы Ана мен бала орталығында 12 күн болдық. Денсаулығына байланысты жасаған сараптама нәтижелері таза болып шықты. Тек қана баланың салмағы кеми берді. Ол кезде Айтолқын өз күшімен жүре алатын. Сөйтіп олар немереме "Октагам" препараты қосылған система қойды. Бірақ негізінен ондайды балаға беруге болмайтындығын бертін келе білдік. Ол тек ауыр ота жасаған адамның етін қатайту үшін ғана беріледі екен. 2013 жылы қызым 13-ке де толмаған болатын. Кейін Өскеменге қайта оралып, Ана мен бала орталығына қаралдық. Балаға 110 000 теңге мөлшеріндегі квота бөлініп ем қабылдадық. Сөйтіп қызым тамыз айының соңында ауруханадан шығып, қыркүйек айында №45 мектепке сабаққа барды. Сол системаны қабылдағалы ешқандай оң нәтиже көрген жоқпыз. Керісінше, баланың жағдайы күн сайын нашарлап, қуарып жүдеп кетті. Жүріп-тұруы да қиындай бастады. Күнде қолтығынан демеп сабаққа апарып жүрдім. Бір күні мектепте баспалдақпен жоғары көтеріле бере басы айналып құлап қалды. Осыдан кейін-ақ қызымның жағдайы оңалмады, - деді Лайкен әжей көзіне жас алып.
Осыдан кейін Айтолқынның басы айналып, талып қалатын кездері жиілей түсіпті. Бұрын мұндай сырқаттың болмағанын айтқан әжей кінәні дәрігерлердің дұрыс ем-дом жасамағандығынан көріп отыр. Бала осылай бір тоқсан бойы ақырындап мектепке барып жүріп, 9-сыныптың екінші тоқсанынан бастап үйден оқуына тура келіпті.
- Дәрігерлер 2014 жылы комиссия мүшелері шешімімен балама белгісіз бір диагноз қойып, 3-топтағы мүгедек санатына жатқызды. 2015-2017 жылдары мектеп бітіргенше қайтадан 2-топтағы санатқа ауыстырды. 2018 жылы бірінші топ мүгедектігіне шығарды. Осылайша Айтолқын жоғары оқу орнына түсе алмады. Себебі ол өздігінен жүріп-тұра алмайтын халге жетті. Жанын жегідей жеген дерттен сауығу үшін бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады, - дейді Лайкен Солтабаева.
Бәрінен бұрын бізді қайран қалдырғаны Айтолқынның қайсарлығы болды. Бір жағынан жанына аяздай батқан сырқатпен алысса, екіншіден оқуға деген ынтасы бәрінен де биік тұрды. 2019 жылы ол өз арманына қол жеткізіп, жоғары балмен университетке түсіп, студент атанды. Бүгінде ол С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойын-
ша ақылы бөлімде білім алуда. Баланың сабағына, ем қабылдауына ыңғайлы болу үшін әжесі мен немересі қалада жалдамалы пәтерде тұрып келген. Айта кетейік, Айтолқын мен әжесі 2015 жылы қаланың шетінен екі бөлмелі саяжай сатып алған. Бірақ бұл баспана қыста суық әрі алыста болғандықтан қалаға қатынау қиынға соғыпты. "Қызымның дәрі-дәрмегінің өзіне қыруар ақша жұмсалды. Тіпті несие алып, қарызданып, қиналып кеттік. Бір жағы жылдық оқу ақысы мен пәтер ақысы, сонымен қоса, қазіргі дәрі-дәрмегіне жұмсалған қаражат та бізге оңайға соқпады. Тым болмағанда басымызда баспанамыз болса, қиыншылығымыз жеңілдер еді" деп әжей терең күрсінді. Бүгінде Айтолқынның бары да, нары да - әжесі.
- Бір күні Бубновскийдің оңалту орталығы туралы естідік. Дереу сонда бардық. Емнің бір курсы -12 күн. Ол 65 мың теңгені қажет етеді. Ондай қаражатты қалтамыз көтермегендіктен 300 мың теңге несие алып, ем қабылдадық, - дейді Лайкен апа.


Күтпеген көмек

Бір тарының қауызына сыйған әжесі мен немересінің жағдайы жұрттың назарынан тыс қалмады. Жұмыла көтерген жүктің жеңілдігін ана мен бала бұл жолы шынайы сезінді. Енді жас қыздың өмірге деген махаббаты мен сенімі тіптен еселене түскен.
- Қазір осы жатақханада тұрып жатырмыз. Университет ректоры Мұхтар Төлегенұлына алғысым шексіз. Менің жағдайымды естіп, қолынан келген көмегін көрсетіп жатыр. Жатақханадан әжем екеумізге тегін орын берді. Сонымен бірге, Абай атындағы грантты да берді. Бұл мен үшін үлкен көмек, - дейді Айтолқын Болат.
Әңгіме барысында Айтолқын Динара, Әсел, Айсұлу, Анель есімді бойжеткендерді аузынан тастамай айтып отырды. Себебі бұл студент қыздар әлеуметтік желі арқылы Айтолқын үшін жұрттан көмек сұрап, қысқа уақыт ішінде екі миллион теңге жинап берген. Кездейсоқ кездесулер үлкен қуанышпен жалғасын тауып жатқанына біз де қуандық. Әсіресе жас та болса, бас болған өрімдей төрт студент қыздың батыл әрекеттері Айтолқынды қиындық құрсауынан біржола алып шыққандай.
- Қазіргі уақытта оңалту орталығында ем алудамыз. Мұнда оған әртүрлі жаттығулар мен массаж жасайды. Қазірде емнің нәтижесі байқалып келеді. Бұрынғыдай емес, денесі әлденіп, сүйеніп тұруға шамасы келе бастады. Бұған дейін "Деваль" Корей оңалту орталығы мен Бубновский орталығынан ем алып келдік. Қазір тек Бубновский орталығына ғана барып жүрміз. Себебі жиналған қаражат таусылуға жақын. 157 мың теңге ғана қалды. Күндік ем алуымызға 20000 мың теңге кетеді. Бір курсы - 12 күн. 3 курс алуымыз керек. Осы жаттығулардың арқасында қызым салмақ қосып келеді. Алғашында 35 келі болатын, қазір 40-қа жетті. Мамандар үш жылда аяққа тұрасыңдар деп отыр, - дейді Лайкен әжей немересінің жағдайының оңалып келе жатқанына қуанып.


Көмек қолын созам дегендерге

Әжейдің айтуынша, қалалық әкімдікке хат жазып бірнеше рет көмек сұрапты. Өкінішке қарай, әкімдіктің қайтарған жауабына көңілдері толмай отыр.
Айтолқын жаны мен тәні қатар қиналған дерттен айығып кететініне кәміл сенімді. Тағдырдың қаталдығына қасқая төзген қайсар қыздың ендігі бар үміті туған ел-жұртында, жүрегі кең, жаны жомарт жандарда.

Каспий голд: 5169 4971 5365 8459   87478726820
Айтолқын Болат
ЖСН: 990812451073
Өскемен қаласы
Инстаграм парақшасы: 
@help_aitolqyn
Следующая →