Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Үлкен Нарындағы асфальт-бетон зауытының жұмысы тоқтап тұр

Катонқарағай ауданына қарасты Үлкен Нарын ауылының тұрғындары ауаны ластады деп асфальт-бетон зауытының жұмысына наразылық танытқан болатын

Облыс бойынша экология департаментінің мамандары халықтан түскен шағым негізінде асфальт-бетон қоспаларын өндіру кәсіпорнында тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша "Катон-Карагайский ПДУ" ЖШС  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін айыппұл салынды.
- Тексеру барысында "Үлкен-Нарын ауылындағы АБЗ" алаңында 2 асфальт араластырғыш қондырғы бар екендігі анықталды, алайда жобалық құжаттамаға сәйкес тек біреуі ғана көзделген, - деп мәлімдеді Экология департаменті. - Бұл ҚР Экологиялық Кодексінің 27-бабының, 28-бабының, 51-бабының 1, 2, 4-тармақтарының, 68-бабының, 69-бабының 1-тарма-ғының талаптарын бұзу болып табылады және қысқартылған өндірісті қолдана отырып ҚР ӘҚБтК 328, 332-баптары бойынша жалпы сомасы 138900 теңге айыппұл салынады, сонымен қатар, кәсіпорын өзінің іс-әрекетімен қоршаған ортаға 107263 теңге залал келтірген. 
Сондай-ақ, өнеркәсіптік шығарын-дыларының сынамалары алынып, нәтижесінде күкірт диоксиді және көміртегі оксиді бойынша нормативтердің асып кетуі анықталды. Ол үшін кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша 69450 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды және қоршаған ортаға келтірілген залал үшін  6 309 104 теңге төлеуі керек.
Мәселені естіген аудан әкімі Ренат Құрмамбаев арнайы жұмыс сапарымен Үлкен Нарын ауылына ат басын тіреді. 
- Биыл барлық жоспарланған көшелерді асфальттау үшін жергілікті АБЗ (асфальт-бетон зауыты) күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүр болып отыр. Өкінішке қарай, бұл жоспарымыз біраз кедергіге тап болды. Яғни, зауыттан түтін көбірек шыққандықтан тұрғындар жұмыстың жалғасуына қарсы болды. Соның салдарынан АБЗ жұмысы жеке тұрғындардың шағымынан кейін экологтардың бұйрығымен тоқтатылды. Жоспар бойынша асфальтталуы керек болған көше жолдарының жұмысы тоқтап қалуы мүмкін. Сол себепті жерлестерімізді туындаған мәселелерді бірігіп шешуге шақырамын, - дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.
Ал зауыт басшылығы нысан ауылдың шетінде орналасқан, ал жел тауға қарай соғатындықтан түтіннің тұрғындарды мазаламайтындығын айтуда. 
Аудан әкімі тұрғындарға осы мәселе төңірегінде жеке қабылдауына жазылуына немесе Instagram, Facebook парақшалары арқылы ұсыныстар мен ескертулер жасай алатындығын айтты.
Следующая →