Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да емханаға тіркеу компаниясы жұмысын бастады

Елімізде ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап 15 қарашаға дейін тұрғылықты аумағы шегінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымын (МСАК) еркін таңдау бойынша жыл сайынғы науқаны жалғасады

Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен тікелей эфир барысында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбілов мәлім етті.

- Науқан кезінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымына тіркелген азаматтар медициналық көмекті 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әдеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар шегінде тұрғындар бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. Қор деректер базасының абсолютті дұрыстығына мүдделі, өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді, – деді  Ғалымжан Әбілов.
Тікелей эфир барысында  "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының" ШҚОФ директоры Шынар Әшірбаева емханаға тіркелудің бірнеше жолын атап өтті.
-        Электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы тіркелген  кезде электронды цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Емхана азамат туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Порталдағы орындалған шара сәтті болған жағдайда, азаматқа медициналық ұйымнан тіркелгені немесе тіркелмегені туралы хабарлама беріледі, - деді Шынар Әшірбаева.
Ғалымжан Әбіловтің айтуынша, халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш жазу пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет. Бұл санаттарға зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер; колонияларда (өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар жатады. Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтар бұрын бекітілген емханада медициналық көмек алуды жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Сақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы білуге болады.
Следующая →