ШҚО меценаттары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау білдіруде

Әлемдік пандемия кезінде кәсіпкерлер мен әртүрлі қайырымдылық қорлары балалар үйі мен осы санаттағы мекемелердің тәрбиеленушілеріне қол ұшын созды
17 қыркүйек 2020 года, 09:03 314 Анна Коцарева
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - В ВКО меценаты поддерживают детей, оставшихся без попечения родителей
Ақпарат көзі: © Устинка LIVE Фото: © Инфоцентр ВКО
Бүгінгі таңда аймақта әке-шешесіз қалған 606 бала тәрбиеленіп жатқан 7 мекеме бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Барлығы да контактісіз термометрлермен, антисептиктермен және түрлі тазалаушы құралдармен қамтамасыз етілді. Төртеуінде дезинфекциялық жер асты жолдары іске қосылды.

Кәсіпкерлер балаларға ноутбук, жеке гигиеналық құралдар, эпидемия кезінде аса қажетті заттарды алып берсе, "Дегдар"  көмек қоры керекті дәрі-дәрмектерді жеткізіп берді.

"Дара" қайырымдылық қоры оқу жылы қарсаңында №8 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне теледидар, принтер, модем, құлаққап және 20 смартфонды тарту етті.
- Ресурстық орталықтар мен арнайы сыныптарға баратын ерекше білім беруді талап ететін балалар үшін қорымыз қосымша 3 ноутбук пен 14 планшет сыйлады, - деді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Қажымұқан Оспанғалиев.
Бұдан бөлек, №19 мектепте спорттық жабдықталған зал пайдалануға берілді. Енді көру қабілеті нашар балалар "голбол" атты жаңа спорт түрімен шұғылдана алады.
ШҚО меценаттары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау білдіруде
ШҚО меценаттары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау білдіруде
ШҚО меценаттары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау білдіруде
ШҚО меценаттары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау білдіруде
ШҚО меценаттары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау білдіруде
ШҚО меценаттары ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау білдіруде

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз