Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Қарауыл-Семей тас жолы қауіпті

Биыл аудан көлеміндегі тасжолдардың үстінде қараусыз, бағусыз жүрген малдардың көлікке соқтығысуы салдарынан болған жол-көлік оқиғалары артқан

Тамыз айының өзінде-ақ Абай ауданындағы Қарауыл-Семей тасжолының үстінде осындай 4 жол-көлік оқиғасы орын алды. Қуанышқа орай, адам шығыны мен ауыр дене жарақаттарын алғандар болған жоқ. 
- Карауыл-Семей тас жолында түнгі уақытта көлікпен жол журу өте қауіпті. Өзім бірнеше рет сол тас жолда жанұяммен апатқа ұшырай жаздадым. Неге халық түнгі уақытта малдарын камамайды? Бірнеше рет 102 нөміріне телефон шалып, шағымдандым. Ештеңе өзгермеді. Жылқы, ірі кара мал жолдың үстінде түнгі уақытта көп жүреді. Баяғы жартас, сол жартас. Ештеңе істеліп жатқан жоқ. Осы жолда адам каза болса, бірақ қимылдай бас-тайды. Шаруашылық иелерін қатаң жазалау керек. Осы жолмен қанша жүрсем де, полиция қызметкерлерін көрмеппін. Яғни, полиция тарапынан еш жумыс жасалынбайды. Түнгі уақытта рейдке шығып, жолға шығып кеткен малдарды иелеріне апарып, иесін әкімшілік жауапқа тарту керек. Осындай жұмыстарды бір күн ғана атқармай, айлық жүргізіп отыру керек, - деп ашына абайлық Роллан Ғаббасов.
Ал полиция қызметкерлері тиісті шаралардың барлығы атқарылып жатыр деп ағынан жарылды.

Абай ауданының полиция бөлімі қараусыз жүрген малдардың көлікке соғылуы салдарынан орын алатын апаттардың алдын алмаса, тек материалдық шығын емес, адам өміріне де қауіп төндіретіндігін ескертеді. 
- Ол үшін тұрғындар өздерінің меншігіндегі, шаруа қожалықтары иелігіндегі малдарын қараусыз жібермесе, түнгі уақыттарда малдарын қамауда ұстаса жөн. Сонымен қатар, ірі қара мен жылқыға түнгі уақытта көлік шамдарының жарығына шағылысатын ленталар байлау жұмыстарын жандандыру қажет. Өткен жылы полиция бөлімі, прокуратура қызметкерлерімен Семей-Қарауыл тасжолының бойында орналасқан қыстақтардың, Орда, Қасқабұлақ ауылдары тұрғындарының МІҚ, жылқы малдарына жарыққа шағылысатын ленталар байлау бойынша жүргізілген жұмыстар оң нәтиже берген болатын, - деп мәлімдейді аудандық полиция бөлімінің мамандары.
Биыл да Абай ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары Қарауыл-Семей тасжолының бойында орналасқан Қарауыл, Кеңгірбай-би, Арқат, Қасқабұлақ ауылдарына қарасты қыстақтардың тұрғындарын аралап, иеліктеріндегі малдарын қараусыз, бағусыз тасжолдардың бойына жібермей, түнгі уақытта қамауда немесе бақылауда ұстап отырулары қажеттігін ескертіп шыққан. Сонымен қатар, егер осы талаптар орындалмаса, қандай жауапқа тартылатындықтары да ескертілді.

Елді мекендер мен тасжолдарда қараусыз жүрген және қоршаған ортаны ластаған малдардың иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлімі негізінде ескерту жасалады немесе 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК) айыппұл салынады. Егер жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкіне залал келтірсе, осы баптың 2-бөлігі негізінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатын болады.

Следующая →