Өскемен
пасмурно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +10°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
451.27
489.13
¥
62.69
4.87
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды

Көкпекті ауданының әкімі қызметіне Серікқазы Сәдуақасов Құсайынұлы тағайындалды

Көкпекті ауданында бұған дейін Асхат Смайылов аудан әкімі қызметін атқарып келген. Енді аталған ауданға Тарбағатай ауданының бұрынғы әкімі Серікқазы Сәдуақасов әкім болып тағайындалды.

Серікқазы Құсайынұлы Сәдуақасов 1961 жылы 26 мамырда Семей облысы Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2014-2019 жылдары Үржар ауданы әкімінің орынбасары, 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Десе де, Тарбағатай ауданының тұрғындары бұрынғы аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасовтың қысқа уақыт ішінде атқарған жұмыстарын жоғары бағалап, жібергілері келмегендігін айтып, фейсбук әлеуметтік желісінде жазған. 
- Серікқазы Құсайынұлы айналдырған бір жарым жыл ішінде ауданда қордаланып келген көптеген "сақалды мәселелердің" оң шешім табуына тікелей ықпал етіп еді. Аудандағы мәселелерді көтерген қарапайым белсенді азаматтардың телефонына өзі тікелей қоңырау шалып, ашық диалогқа шақырып, мәселені бірігіп шешуге шақырған қарапайымдылығына тәнті болдық. Тұрғын үй мәселесін шешу үшін жеке тұрғын үйлер салып, үлкен бір игі істі бастап еді. Барлық ауылдарға да сондай тұрғын үйлердің бірнешеуін салдырамын деген жоспарымен де бөліскен. Ел ішінде "әкімдер сондай, әкімдер мұндай" деген қалыптасқан керағар стереотиптерді жойып, халыққа нағыз мемлекеттік қызметшінің жарқын үлгісі бола білген адамды Тарбағатай халқы Көкпектіге жібере салуға қимай отырғаны анық, - деді фейсбук әлеуметтік желісін қолданушылардың бірі, тарбағатайлық Ермек Құрманғалитегі.

Следующая →