Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
476.78
¥
61.89
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО да қарасора өсірген тұрғын ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өз саяжайында қарасора өсіріп қолға түсті

Ұлан ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Қасым Қайсенов кентіндегі саяжай учаскелерінің бірінде құрамында есірткі заттары бар өсімдік өсірумен айналысатын тұрғынды ұстады. Тексеру кезінде 19 түп қарасора және кептірілген марихуана табылды.

- Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 12 келіден асады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ол қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі және 300-бабы бойынша айыпталады. Яғни, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді ШҚО полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Следующая →
Тақырыптар: Ұлан ауданы