Өскемен
ясно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
-0.52
476.78
-4.27
¥
61.89
-0.07
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

«Semey Bus» ЖШС-дағы мәселе 31 тамызға дейін жойылады

ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Аблқайров «Semey Bus» ЖШС-де жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 72 заң бұзушылық анықталғанын мәлім етті

- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 88-r «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» өкімі негізінде, Мемлекеттік еңбек инспекциясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы «Semey Bus» ЖШС-де С.Т. Жақиянов пен А.С. Тоғаевтан және ұжымнан (40 адамнан) келіп түскен арызға байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзушылықтарға байланысты «Semey Bus» ЖШС әр кешіктірілген күн үшін қызметкерлерге 4 522 887 теңге көлемінде өсімпұл, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы ретінде 41 760 теңге, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы ретінде 830 841 теңге, 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың маусымына дейінгі кезеңдегі жалақы берешегі бойынша (43 қызметкер) 878651 теңге төлеуге және үстеме жұмыс, мереке және демалыс күндеріне ақы есептеп төлеуге міндеттелді, - деді Қайрат Аблқайров.

Айта кетейік, «Semey Bus» ЖШС-ның қызметкерлер алдындағы жалпы қарызы 6 274 139 теңгені құрайды. Тексеру барысында ҚР еңбек заңнамасының (еңбекақы, үстемақы төлемдерін толық есептемеу, еңбекке жарамсыз парақтары бойынша төлемдерін жүргізбеу т.б.) бұзылғандығы анықталды. Енді заңбұзушылықтарды 2020 жылдың 31 тамызына дейін жою туралы мемлекеттік енбек инспекторлардың нұсқамасы беріліп, заңды тұлға 120 (333360 тенге) мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Следующая →