Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Алтай ауданында ескі нысандар жаңартылуда

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алтай ауданында нысандар жаңартылуда

Бұл туралы аудан әкімі Қалиқан Байғонысов мәлім етті. Айта кетейік, әлеуметтік маңызды нысандар 30-40 жыл жөндеу көрмепты. 

- Ауданымызда әлеуметтік маңызды объектілерді жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазір жаяу жолдарды қалпына келтіру, көпқабатты үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігерлік ұйым қазір Алтай қаласы Космонавтов көшесіндегі аулаларға жөндеу жүргізуде. Жақында көпқабатты үйлердің аулаларына асфальт төселіп, жаңа алаңдар мен көлік тұрақтары салынады. Аудан бойынша ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 47 жоба іске асырылады, - дейді аудан әкімі Қалиқан Байғонысов.
Бұған дейін кешкісін аулада серуендегенді қойып, жәй отырудың өзі қиынға түскен аумақ бүгінде шөп-шалаңдардан толықтай тазартылуда. Ал тұрғындар болса, аулаларының жаңаша бейнеге еніп келе жатқанына дән риза. 

Следующая →
Тақырыптар: Алтай ауданында