Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Көше жолдары жөндеуден өтуде

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Күршім ауданына қарасты бірнеше ауылда көше жолдары жөндеуден өтуде

Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажанов өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Айта кетейік, бұған дейін Боран мен Марқакөл ауылының тұрғындары хабарласып, көше жолдарының әбден тозығы жеткені туралы айтқан болатын. Қуанарлығы сол мәселе көп ұзамай аудан әкімінің құлағына жетіп, оң шешім тапты. 
- «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Боран ауылына кіре беріс жолдың 3,8 шақырымына асфальт төсеу жоспарланған. Шілде айында басталған жұмыстың бүгінде 1 шақырымына асфальт төселген. Тамыз айының соңына дейін жұмыс толықтай аяқталады деп жоспарланған. Ал Марқакөл ауылында «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша Дәуленов көшесінің 1,3 шақырымына асфальт төселді. Сондай-ақ, Марқакөл ауылында шекаралық аудандарды дамытудың кешенді жоспары бойынша абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады, - дейді аудан әкімі Дулат Қажанов. 
Следующая →
Тақырыптар: Марқакөл ауылы