Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде 915 орындық 5 балабақша ашылады

Шығыс Қазақстан облысында Осы жылдың қыркүйек айында 3 жаңа мектеп қолданысқа берілмек

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірде мектеп пен балабақша құрылысының қарқынды түрде жүргізіліп жатқанын айтты. 
- Осы жылдың қыркүйек айында 3 жаңа мектеп қолданысқа беріледі. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Абай ауданының Қарауыл ауылында Назарбаев интеллектуалдық мектебінің стандарты бойынша жабдықталған 300 орындық заманауи мектеп ашылады. Өскемендегі Ахмер ауылында 1000 орындық жаңа мектеп ел игілігіне беріледі. Сонымен қатар, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 300 орындық интернаты бар 600 оқушыға арналған мектеп ашылмақ. Онда аз қамтылған отбасыдан шыққан және облыстың өзге өңірлерінен келген балалар оқитын болады. Бұл мектеп әскери бағытта тәлім-тәрбие береді. Егер нәтижесі оң болса, облыстағы басқа білім ошақтарында да осы әдіс қолданылмақ, - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында Өскеменде 915 орындық 5 балабақша ашылады. 
- Аталмыш нысандар Есенберлин, Революционный, Байбатчин, Өтепов көшелерінің бойында және Ахмер ауылында бой көтереді. Облыс орталығында жас техниктер стансасында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген соң қосымша білім беру мақсатында SMART-орталық ашылмақ. Биыл 423 білім беру мекемесіне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 10,9 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 5 есеге көп. Қазір 423 нысанның 381-інде тиісті жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалғандары 20 тамызға дейін қолданысқа беріледі, - деді аймақ басшысы. 

Следующая →
Тақырыптар: балабақша ашылады