Өскемен
малооблачно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
448.81
+0.25
476.82
-1.21
¥
62
+0.03
4.77
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Жазасын өтеушілер карантин кезінде залалсыздандыру шатырын жасады

Өскемендегі ОВ 156/2 қауіпсіздігі аса жоғары түзету мекемесіндегі жазасын өтеп жатқан азаматтар карантин кезінде залалсыздандыру шатырын жасап шықты

Бұл туралы мекеме бастығының жалпы сұрақтары және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша орынбасары, әділет майоры Әділ Айтықов айтты.
- Мұндағы жазасын өтеушілерді еңбекпен түзету мақсатында олардың еңбек ете отырып, табыс табуына барлық мүмкіндік жасалған. Жұмысына қарай еңбекақысын алады. 8 сағаттан артық жұмыс істемейді. Біз заң жүзінде жеке кәсіпкерлермен келісімшарт жасасу арқылы түрмеде жасалған өнімдерді нарыққа сатылымға шығарамыз. Тағы бір айта кететіні, осындағы азаматтар түрме ішіндегі колледжде білім ала алады. Бас бостандығынан айырылғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында түрлі кәсіптер оқытылады, - дейді мекеме бастығының жалпы сұрақтары және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша орынбасары, әділет майоры Әділ Айтықов.
Оның айтуынша, түрмеде жазасын өтеп жатқан азаматтар карантин кезінде залалсыздандыру шатырын жасап шығыпты. 
- Елдегі төтенше жағдай кезінде жазасын өтеуші азамат Алмас Айбеков залалсыздандыру шатырын жасап шықты. Ерекшелігі - шатырдың ішіне кіргенде бу шығару арқылы сізге дезинфекция жасайды.  Наурыз айында 6 данасын жасап, Жарма, Абай, Шемонаиха аудандарына және Семей қаласына жіберілді. Сонымен қоса, мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орнына емтихан тапсыру кезінде де осы құрылғыдан өту арқылы емтиханға кіргізілді. Қазір 5 данасы жасалып дайын тұр, - дейді Әділ Нұрланұлы.  
Следующая →