Тоғыз ауылға кең жолақты интернет желісі тартылмақ

Биыл Көкпекті ауданына қарасты 9 елді мекенге кең жолақты интернет желісі тартылмақ
07 тамыз 2020 года, 10:57 172 Таунар Қайрат
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Тоғыз ауылға кең жолақты интернет желісі тартылмақ
Фото: © Ortcom.kz
Бұл туралы Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Майкенов хабарлады. Бұған дейін сапалы интернет желісіне зәру болып отырған тұрғындар үшін бұл жағымды жаңалық болды. 
- Биыл ауданға қарасты елді мекендерді ғаламтор желісімен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде. Соның нәтижесінде ағымдағы жылы тоғыз ауылға кең жолақты сапалы интернет желісін тартуды жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, Биағаш, Егінбұлақ, Мариногорка, Жұмба, Мойылды, Палатцы, Подгорное, Қаракөл және Песчанка ауылдары. Алдағы уақытта бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады, - дейді аудан  әкімінің орынбасары Жаслан Майкенов.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз