Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Қаржы бөлінуде, ал нәтиже қандай болмақ?

Биыл Катонқарағай ауданына қарасты елді мекендер ауызсумен қамтылмақ. Сонымен бірге, кей ауылдардың су құбырлары қайта жаңартылуда

Бұл туралы Катонқарағай ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының орынбасары Ж. Қанафина. 
- "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасы аясында екі жоба іске асырылды. Атап айтсақ, Ақсу ауылынның су құбырлары қайта жаңартылды. Құрылыстың жалпы құны 772,437 мың теңге. Су құбырының жалпы ұзындығы 11,785 км. Құбырларды жаңарту жұмыстары Ново-Поляковка ауылында да жүргізілуде. Құрылыстың жалпы құны 331,033 млн теңгені құрайды. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бүгінгі күнге абаттандыру жұмыстары қалды, - дейді ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының орынбасары Ж. Қанафина.
Оның айтуынша, Шыңғыстай ауылындағы су құбыры желілері мен ғимараттарын қайта құру жобасын жүзеге асыра бастапты.
- Шыңғыстай ауылында 681,318 млн теңгеге су құбыры желілері мен ғимараттарын қайта құру жобасын жүзеге асыра бастадық. Ағымдағы жылы тағы екі жоба іске асырылады деп жоспарлануда. Яғни, Аршаты мен Солоновка ауылдарындағы су құбыры желілері мен ғимараттарын қайта құру. Биыл аудандық бюджет есебінен мердігерлермен келсімшарт жасасу үшін 50 мың теңге қаражат бөлінді, - дейді Ж. Қанафина. 
Қабылданған бағдарлама шеңберінде Жарма ауданында да биыл біршама шаруа қолға алынған.
- Осы жұмыстар арқылы бүгінде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз, - Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин. - Оның ішінде халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету ісін атап өткен жөн. Тек үстіміздегі жылдың өзінде Аршалы, Қапай Батыр, Кіші Қарасу ауылдарына ауыз су желісі құрылысы жүзеге асуда. Сол сияқты үш ауылға су таратқыш модульдік станциялар салынды. Яғни, осы жобаларды жүзеге асыра отырып, аудан халқының 96 пайызы таза ауыз сумен қамтылатын болады. Алдағы уақытта Сұлусары ауылына ауыз су желісі құрылысын салу жұмыстарын көздеп отырмыз. Жобалы жұмыс жүзеге асса, өңірде ауыз су мәселесі толықтай шешімін табатын болады.
Осы сияқты Зайсан ауданынна қарасты бірнеше елді мекендер де орталықтандырылған ауызсумен қамтылмақ. Бұл туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Нұрдумбаев мәлім етті.
- Қазір ауданға қарасты бірнеше ауылға ауызсу тарту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, Қосқора, Жіңішке су, Ақарал және Шүршітсу ауылдары. Жергілікті тұрғындар арасында аталған мәселе айтылған. Көп ұзамай бұл мәселе шешімін табады, - дейді Бауыржан Нұрдумбаев.
Оның айтуынша, Зайсан ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде 4 жоба іске асырылып жатыр екен.
- Елді мекендерде 4 жоба іске асырылып жатыр. Айнабұлақ ауылының тоғыз шартты көшесіне ауызсу тарту, Бақасу, Тасбастау және Жарсу ауылының су құбырлар желісін жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - дейді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Нұрдумбаев.
Елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары Жарма ауданында да қарқынды жүргізілуде. 
- Биыл ауданымызға қарасты Аршалы, Батыр Қапай, Кіші қарасу және Шар қаласы сынды бірнеше елді мекендерде су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Келешекте Сұлусары ауылына таза ауызсу тартылады, - дейді Жарма ауданы әкімінің орынбасары Айдар Ибраев.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Ауыз су Құрылыс