Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Тұрғындар жарылыстың тоқтауын талап етуде

Өскемен қаласындағы Қазыбек би көшесі, 7/1 мекенжайының тұрғындары кезекті жарылысқа қарсы тұрды. Бұған дейінгі жарылыс салдарынан тоғыз қабатты үйдің қабырғалары мен төбелері сызаттанып, жарық пайда болған

Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәлімдеуінше, бұл үйдің маңындағы тау етегінен бір ауысымда 150 адамды қабылдайтын гематологиялық орталық салынып жатыр. Осы мекеме жұмысының арқасында өлім-жітімді азайтуға және қан жүйесі аурулары кезінде жазылу мүмкіндігін арттыруға болатын көрінеді. Аталмыш орталық халықаралық дәрежедегі тәжірибелерге сүйене отырып, қан аурулары, қатерлі ісік  және лимфоидты тіндерде пайда болған қатерлі ісіктерін емдеп,  диагноз қоюда жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдануға негізделмек.

Үйлерге зақым келді


Облыс орталығында бұндай жаңаша орталықтың бой көтеретіні қуантарлық жаңалық. Іргетасы әлі қаланбаған орталықтың құрылысына дайындық жұмыстарының өзі Қазыбек би көшесі, 7/1 үйдің тұрғындарының титығына тиіп бітті. 
Мердігер көмпания тау жынысын жару мақсатында талай мәрте жарылыс дәрілерінің көмегімен, жарылыс жасаған. Салдарынан жақын маңдағы екі үйдің төбелері мен қабырғаларына зақым келген. Енді кезекті жарылыстың жасалуына тұрғындар түбегейлі қарсылық танытуда. 
- Жарылыс салдарына үйіміздің төбесі сызаттанып, зақым келіп жатыр. Оның үстіне жарылыс болған кезде балалар қорқады. Осындағылардың көбі жас отбасылар. Кейде балалр жарылыстан шыққан қатты дауыстан шошып, жылап келеді. Бұған дейін 7-8 рет жарылды. Бірнеше рет ескертсек те еш нәтиже жоқ. Енді, міне, тағы жарамыз деп жатыр. Сонда тұрғындардың бас амандығын кім ойлайды? Оларға құрлыс бітсе ғана болды. Маңындағы тұрғындардың пікірімен санасып та жатқан жоқ. Ақыры осылай жиналып қарсы тұрмасқа болмады. Кезекті жарылысты тоқтатуын талап етеміз. Енді үйіміздің құлағанын күтіп отыра алмаймыз, - дейді тұрғындардың бірі Алмас Ағызасов.

«О бастан қарсы болдық»


Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, бұл мәселе бұған дейін де бір неше рет көтеріліпті. Бірақ тұрғындардың талабы ескерусіз қалған көрінеді. 
- Жарылысқа басынан бастап қарсы болдық. Десе де, біздің талабымыз ескерусіз қалып, жарылысты осыған дейін жүргізіп келді. Қазір жарылыс салдарынан пайда болған сызаттар ұлғайып келеді. Үйдің терезелері де дұрыс ашылмай қалды. Жаңа баспанамызға енді қолжеткіздік пе дегенде осындай жағдайға тап болдық. Жарылыс кезінде далаға шығыңдар дейді. Кейде жаңбырда кішкене баламмен далаға шығуға тура келеді. Бастапқыда бес күн бұрын ескертеміз деген. Алдыңғы жарылыста екі сағат қалғанда ескертті. Тіпті 15 минут уақыт қалғанда ескерткен кездері болды. Қатты дауыстан үй дүмпіп кеткенде, баларым қайда барарын білмей қалады. Үйімізге жөндеу жұмыстарын жүргізгенбіз. Барлығы бекер болды, - дейді тағы бір тұрғын Бақыт Айкеқызы.
Тұрғындардың бұл қарсылығын облыстық  құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мамандары  да біліп отыр.
- Осы жерде бүгінге дейін 7-8 жарылыс жасалды. Соның салдарынан біраз ақаулар болды. Біз күнделікті тексеріс жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Бірінші келіп тексергенімде, үйдің ішкі қабырғалары қапталған гипсокартондарға зақым келді. Бүлінген бөлікті жарылыс жасаған мердігердің есебінен қайта жөндеп береміз дедік. Сол кезде тұрғындар жарылыстың жүруіне келісімдерін берген. Қазір тұрғындардың талабына сәйкес бүгін болатын жарылысты тоқтатып тұрмыз. Енді арнайы сарапшылар тұрғын үйге сараптама жұмыстарын жүргізеді. Тексеріс нәтижесі екі-үш күнде дайын болады. Жарылыстарды жүргзу үшін Өндірістік қауіпсіздік департаментінің басшысын шақыртамыз. Подъездерде ешқандай ақау көріп тұрған жоқпын, пәтерлерде ақау бар, - дейді ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Әсет Сүлейменов.

Комиссия шешімі қашан шығады?


Мәселенің байыбына бару үшін подъездерді аралап көрген едік. Қазыбек би көшесі, 7/2 үйінің бірінші подъезінің 5-қабатында төбеде сызаттар пайда болғанын көзімізбен көріп қайттық. Подъездерде жарықшалар бар болып шықты. Тіпті бір емес, бірнеше жерде. 
- Біз жауапты мекеменің шешімі оң нәтиже көрсетсе де, жарылыстың тоқтауын талап етеміз. Себебі көріп тұрғандарыңыздай әр жарылыс сайын сызаттар үлкейіп жатыр. Үйіміз дәл жарылыс үстінде құламаса да, жарылыс салдарынан кейін құлауы әбден мүмкін. Ол кезде кімді жауап береді? Қазыбек би көшесі, 7/2 үйдің бірінші подъезінің 5-қабатында бірнеше жерде жарықтар пайда болды. Ешқандай комиссия мүшесі келіп көрмеді. Көрсе, подъездерде ешқандай жарық жоқ деп айтпас еді, - дейді тұрғын Айгерім Мейрамбекқызы.
Жауапты мамандар сақтық шаралары барынша қатаң сақталатындығын айтқан еді.
- Жарылыс орнынан жақын объектілерге дейінгі қашықтық кемінде 125 метр, бұл қауіпсіз қашықтық, - деп түсіндірген болатын мердігер Владимир Лысенко. - Біз қосымша жер жамылғысын жасадық, үстіне темірбетон плиталарын төседік. Бұл тасты топырақтардың шашырауын 100 пайызға дейін болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрғын үйлерге сейсмикалық әсерді азайту мақсатында жарылғыш заттың минималды мөлшерін анықтау үшін есептеу жүргізілді, барлық есептеулер облыстың Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен расталды.
Тұрғындар жауапты мекеме тағы да талабымызды ескерусіз қалдыра ма деп алаңдаулы. Енді облыс әкімінен көмек сұрамақ. 
Біз де бұл жағдайды назарда ұстап, арнайы сараптама қорытындысы қандай болатындығын алдағы уақытта мәлімдейтін боламыз.

Следующая →