Шілікті тарихындағы алғашқы алма

Биыл Зайсан ауданындағы Шіліктіде ауыл тарихындағы алғашқы алма ағашы өнім берді
06 тамыз 2020 года, 09:10 244 Назерке Кәрімова
Новости Казахстана и регионов на сегодня. - Шілікті тарихындағы алғашқы алма
Фото: © Зайсан ауданы әкімінің сайты
Аудан әкімдігі әлеуметтік желіде жариялаған ақпаратқа сүйенсек, алма «золотой превосход». Бұрын соңды бұл ауылда алма өсірілмеген көрінеді.
- Бұл алма ағашын менің марқұм әкем Совет Дүтбаев 1980 жылдары егіп еді. Екі алма ағашын будандастырып өсірген. «Кейін балаларым атасының алмасы» деп жүреді дейтін, - деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Бірақ әлеуметтік желіде бұл жазбаны көрген шіліктіліктер алма бұл ауылд баяғыда да болғанын айтып жатыр.
- Біз бұрынғы ескі мектепте оқыдық. Сол ескі мектептің бақшасында да алма ағаштары жайқалып өсіп тұратын еді. Сабаққа сол бақшаны қақ жарып өтіп баратын едік, - деп естеліктерімен бөлісті шіліктілік Сақыпжамал.
Қойнауынан «Алтын адам» шыққан қасиетті топырақтың киелі екенін білетін едік, бұл орайда жердің құнарлылығына да көзіміз жеткендей.
- Біздің жақта картоп пен сәбіз ғана жақсы өседі деп ойлаушы едік. Алма да жақсы жеміс беріп тұр ғой. Еңбектеріңіз жансын! - деп тілектестігін білдірді Шіліктінің тумасы Жанна Иманқұл.

Загрузка...

Тақырып бойынша жаңалықтар

Устинка Live хабарландыруларын алып тұрыңыз