Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде банк қызметкері 89 тұтынушыны алдап соққан

28 жастағы әйел өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, тұтынушылардың карталарынан ақшаны өзінің шотына аударған

Күдікті әйел банктің құрылымдық бөлімшесінде үш жылдан астам уақыт банк карталарын басқарушы болып жұмыс істеген. Оның міндетіне төлем карточкаларын ұстаушыларға кеңес беру және қызмет көрсету кіреді.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып және банк жүйесіне еркін қол жеткізе отырып, өз клиенттерінің қаражатын өзінің шотына аударған, сондай-ақ жалған ақпарат беріп, барлығы 89 адамды алдап кеткен.
- Тергеу барысында 4 миллион 500 мың теңгеден астам сомаға арыз берілді, - деді Шығыс Қазақстан облысы полиция басқармасының басшысы қызметін уақытша атқарушы Жанболат Қалетаев. - Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-тармағы, 3-бөлігі (бірнеше рет жасалған ұрлық) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-тармағы (қызметтік жағдайын пайдаланып бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары аяқталып, сотқа жіберілді. 
Следующая →