Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұялы байланыс пайда болады

ШҚО-дағы Алтай мен Үржарға ғаламтор желісі тартылмақ

Бүгінде кейбір аудандарда интернетті қойып, ұялы байланыстың өзі жоқ екенін жасырмаймыз. Бұл кемшіліктердің төтенше жағдай кезінде оқушыларымыздың арқасына аяздай батқаны тағы бар. 

Телефонды көкке соза, тау-таста отырып, онлайн сабақ оқудың қиындығын бізге қарағанда ғаламторсыз отырған ауыл студенттері жақсы білер. Мәселені ескерген Алтай ауданының әкімдігі биыл бірнеше ауылға ұялы байланыс пен интернет желісінің тартылатындығын айтты. 
- Ағымдағы жылы "Kecell" АҚ, "КаР-Тел" ЖШС, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС ұялы компаниялары Шірікқайың мен Бородино ауылдарын ұялы байланыс және интернет қызметтерімен қамтамасыз ету үшін ұялы мұнараларды орнатуды жоспарлап отырмыз, - дейді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко.
Оның сөзіне сүйенсек, Путинцево, Богытырево, Быково, Снегирево, Пролетарка, Крестовка, Орловка, Восточное, Сажаевка, Кремниюха, Алтай сынды ауылдық елді мекендерге көп ұзамай ұялы мұнараларды орнату жоспарланған екен. 
Айта кетейік, Үржар ауданында да 11 ауылдық округке интернет желісі қосылды. 
- Қазіргі таңда, барлық 15 елді мекенде "Қазақтелеком" компаниясы талшықты-оптикалық байланыс тартып, 11 ауылдық округке интернет желісі қосылды. Қалған 4 ауылдық округте шілде айының соңына дейін қосылады деп жоспарлануда. Осы жоба аясында елді мекендегі жергілікті әкімшілік, мектеп, полиция учаскілері, аурухана бөлімшелері интернетпен қамтылады. Сонымен бірге, ұялы байланыс операторларымен адам саны 250-ден асатын елді мекенді кеңжолақты интернетпен қамту жоспарлануда. Ауданның 53 ауылының 31 ауылы 3G және 4G байланысымен қамтылған, - дейді Үржар ауданы ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Амиргалинов.
Оның сөзіне сүйенсек, жыл соңына дейін Үржар ауданына қарасты Көктерек, Жоғарғы Егінсу, Ақшоқы, Егінсу, Көктал, Сегізбай, Некрасов, Ер Қабанбай, Қазымбет, Қайыңды, Қарабұйрат, Қызылбұлақ, Бұғыбай, Сағат, Благодатное ауылдары 3G байланысымен, Жаңа тілек, Лайбұлақ ауылдары 4G байланысымен қамтылмақ. Жыл соңына дейін 48 елді мекенде кеңжолақты интернет желісі болатынын да айтты.
Следующая →