Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Екі жүк көлігін қатар сүйреді

Зайсандық гір спортшысы 8,5 тонна болатын жүк көліктерін сүйреп кетті

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары карантин уақытында да қарап жатпай, жаттығу жұмыстарын жалғастыруда. Соның айқын дәлелі – жақында Зайсан ауданындағы гір көтеру спортынмен айналысатын Қуаныш Қыдырпатша екі жүк көлігін қатар тіркеп, сүйреп жүргізді.
- Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы және гір спорты бойынша еліміздің бірнеше дүркін чемпионы  Қуаныш Қыдырпатша бірнеше апта бұрын ғана  ГАЗ-53 жүк көлігін арқанмен тартып жүргізген болатын, - дейді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. - Бірақ ол рекордын қайта жаңартпақ болған спортшы  ГАЗ-53 жүк көлігіне тағы да ЗИЛ-130 маркалы екінші жүк көлігін тіркеп, екеуін бірге 10 метрге дейін сүйреп апарды. Екі жүк көлігін қосқандағы жалпы салмағы 8,5 тонна болады.
Қуаныш Қыдырпатша 2014 жылдан бері Зайсанда. Қазіргі таңда гір спортынан шәкірт тәрбиелеп отырған аға жаттықтырушы. Өзі карантинде жай жатпай, бұрыннан қызығып жүрген ісімен айналысып көруді жөн тапқандығын айтады.
- Біздің спорт – экстрим, күштік спорт түрі ғой. Ауыр көліктерді сүйреп жүргізіп көруге қызығушылығым бұрыннан бар. Жеңіл көліктерді сүйреп жүргізіп көргенмін бұған дейін. Арқа, аяқ бұлшық еттерін шынықтыруға жақсы. Карантин кезінде осы ойға алған ісімді жүзеге асырып көруге бел будым. Алдағы уақыттарда тағы да күшімді сынап көргім келеді, - дейді Қуаныш.
Спортшы 18 тоннаға дейін еңсеріп көрмек. Оның барлығы алдағы уақыт еншісінде. Қуаныштың жаңа рекордтары жайлы біз міндетті түрде жазатын боламыз.


Следующая →