Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аружан Мереева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

2020 жылдың басынан бері ШҚО-да 20 рет ағаш заңсыз кесілген

Заңсыз ағаш кесу - экологияға елеулі зиян келтіретін қылмыс және ол заңмен қудаланады

Қазақстан Республикасы аумағындағы ормандар тек 4,7%-ды құрайды, ал ШҚО ормандары 7,14 %-ды құрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өңірде жалпы орман қорының жартысынан астамы шоғырланған. Негізінен бұл қылқан жапырақты ағаш түрлері — қарағай, майқарағай, шырша, балқарағай.

- Ормандар үшін басты жау - бұл өрт шалу және ағаштарды кесу. 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында ШҚО бойынша жалпы кесілген сүрек көлемі 235,5 текше метр болатын 20 заңсыз ағаш кесу оқиғасы тіркелді, табиғатқа келтірілген шығын 2,5 миллионнан астам теңгеге бағаланып отыр, - деді ШҚО Орман және жануарлар дүниесі инспекциясында.

Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау 100 АЕК (277800 теңгеге дейін) дейін зиян келтірумен әкімшілік құқықбұзушылыққа жатқызылып, ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабымен қаралады.

Құқық бұзушыларды 100 АЕК көлемінде шығын келтірген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартады. Оларды ҚР ҚК 340-бабына сәйкес "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау" жазалайды.

Заңсыз ағаш кесу фактісі анықталған жағдайда Инспекция телефон арқылы хабарлауды сұрайды: 112, 8 (7232) 24-84-70, 24-34-77.
Следующая →