Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Вероника Воевода
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО полицейлері мас мотоцикл жүргізушілерін ұстады

Шығыс Қазақстанда мотокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу бойынша алдын алу жұмыстарының апталық акциясы өтті

Тәртіп сақшылары 700-ге жуық жол ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Үш мотоциклді жүргізуші мас күйінде жүргізгені үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Жолаушыларды тасымалдау, мотошлемді пайдалану ережелерін бұзудың 174 фактісі, маневр жасау ережелерін бұзудың 51 фактісі тіркелді.

ШҚО ПД ақпараты бойынша, 24 маусым күні сағат 21.12 шамасында облыстық маңызы бар Өскемен-Самар тас жолының 64 шақырымында полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз SHENYINGSY маркалы мотоциклді тоқтатты. Жүргізушіге екі әкімшілік хаттама жасалды. Тексеру кезінде мотоцикл тіркелмеген, оның үстіне, 22 жастағы жүргізушінің мотокөлікті басқаруға тиісті санаты жоқ екені анықталды.

Жалпы акция кезінде тиісті құжаттарсыз мотокөлікті басқарудың 190 фактісі анықталды. Мамандандырылған тұрақтарға 123 мотокөлік құралдары орналастырылды, 11 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.
Следующая →