Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

"Ерінбеген етікші болады"

Ұландық Жібек Бабанова етік жамап еңбектеніп келеді

"Етікші" сөзін естісек, көз алдымызға бір қолында балға, екінші қолында бізі бар ер адам елестері сөзсіз. Десе де ата кәсіптің абыройын асқақтатып жүрген нәзік жандылардың да бар екенін естен шығармағанымыз абзал. Себебі өнер өзін сүйгенге қонады екен. Бабаларымыздың "Ерінбеген етікші болады" деген тәмсілі текке айтылмаса керек. Соңғы 10 жылда елдің жыртығын жамап күн кешіп келеді. Олай болса, әңгімемізді етікші Жібек Бабанованың еңбек жолына қарай бұрайық. 

Нәзік жандының етік жамайтынын естігенде таңданысымызды жасыра алмаймыз. Себебі қызығынан қиындығы басым бұл жұмысқа ер адамның өзі батылдық таныта алмайтыны белгілі. Ерінбей еңбектеніп жетпесе, құр еліктегеннен пайда жоқтығын ол жақсы біледі. Қайсар ана Ұлан ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. 
"Әкем етікші болатын"
- Осы кәсіппен айналысқаныма 10 жылдай уақыт болды. Негізі бала күнімізде ойын баласы болғандықтан ауылдағы тау-тас аяқ киімімізді жыртып кететін. Ол кезде қазіргідей бірін алып, бірін киетін заман емес. Етігіміздің жамайтын жері қалмағанша киетін едік. Әкем етікші болатын. Мүмкін бұл өнер маған әкемнен дарыған болуы керек. Анам да ісмер кісі болатын. Менің негізгі мамандығым - есепші. Етікші болуды бұрын соңды армандап та көрмеппін. Оқу бітіргеннен кейін тұрмыс құрдық. Ауылды жерде жұмыс табу да қиын болды ғой. Қызым 9-сынып бітірген соң бірден қалаға тарттық, - дейді Жібек Бабанова.
Кейіпкеріміз қалаға келген соң бірден жұмыс іздеуге кірісіп кетіпті. Алғашында жұмыс іздеп көрінген дүкен мен сауда орталықтарының табалдырығын тоздырған. Бірақ ешбір жерге жұмысқа кіре алмапты. 
- Бір күні жұмыс іздеп жүріп ЖМК ауданындағы "Айгерім" сауда орталығына келдім. Бәрін араладым. Жұмыс жоқ. Бір кезде 0-қабатқа түссем, бір ағай аяқ киім жамап отыр екен. Біраз қарап тұрдым. Не үшін қарап тұрғанымды өзім де білмеймін. Байқасам қолымнан келетін сияқты. Бірақ бұрын соңды қолыма біз бен балға ұстап, етік жамап көрмеппін. Неде болса, осы кісіге сөйлесейін деген оймен бірден "Маған аяқ киім жамауды үйретіңізші" дедім. Сол кезде ол етікші ағаның түйеден түскендей таңғалғанын білем. Маған зор таңданыспен қарап тұрды да "Қатты қызығасың ба?" деді. Іркілмей "Иә" дедім менде. Іштей қатты толқып тұрмын. Бір жағы жұмыс тапқаныма, ал екінші жағынан өзім бұрын істеп көрмеген өнерді игергелі тұрмын. Таңданғаным "істей алмай қалам-ау" деген қорқыныш сезімі мүлде болмады, - дейді етікші.

"Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы"

Жаңа жұмысы кейіпкерімізді көп жатырқамапты. Бірден үйреніп кеткен көрінеді. "Ұстазы жақсының -  ұстамы жақсы" дегендей ол өзінің қағылездігі мен енбекқорлығының арқасында бұл кәсіпті тез арада меңгеріп алады. Тіпті мақтанышпен айта кететіні, қарапайым жұмысшы болып жүріп, сол жердің қожайынына айналады. "Қандай аяқ киім тіксем де, сапалы тігуге тырысамын" дейді.  
- Үш жылдай болды осы шеберхананы өзіме сатып алдым. Ұстазым өте шебер әрі қатаң талап қоятын. Кейде аяқ киімнің бір жері дұрыс болмай қалса, қайта тіктіретін. Міне, соның нәтижесінде осындай дәрежеге жеттік. Жолдасым да менің осы кәсіппен айналысқаныма қарсы емес. Әркез қолдау көрсетіп отырады. Осы кәсіпті таңдағаныма қуанбасам, еш өкінбеймін. Мұнда етік жамаумен қатар кілт жасау, пышақ қайрау, коньки қайрау сияқты қызмет түрлерін жасаймын. Менің бір түсінгенім қандай да бір кәсіпті бастау үшін, оны ары қарай жалғастыру үшін адамда ең бірінші ынта-пейіл болу керек екен. Төзімділік адамды жетістікке жеткізер қозғаушы күші десем артық болмас, - дейді кейіпкеріміз.
Иә, нәзік жандының өмір тәжірибесіне сүйенсек, адамның өмірін гүлдендіретін ол - еңбек. " Адамның әр істеген ісінде нәтиже болуы керек" дейді ол өзінің әр ісіне мұқият екендігін айтып. 
- Алғаш бастағанда жанымда ұстазым жоқ күндері клиенттар келіп, ұстазымды сұрайды. Ол кісі жоқ болса, маған тіккізбейтін. Себебі маған сенбейтін. Ал қазір бәрі керсінше. Өзімнің тұрақты клиенттерім бар. Кейде ұстазым келіп жұмысымды көріп, ризашылық танытып, "Ұстаздан шәкірт озды" деген осы деп кеңк-кеңк күлетін. Күніне 7-8 адамнан кем келмейді. Ал көктем, күз, қыс айларында тіптен көп келеді. Шамамен күніне10-15 адам. Барынша үлгеруге тырысамын. Бір аяқ киімді көлеміне қарай бір-екі күнде жамап бітемін. Енді алдағы уақытта осы шағын шеберханада тағы бірнеше қызмет түрін қосуды жоспарлап отырмын, - дейді етікші Жібек Бабанова.

"Етікшілік - сізге бірден мол табыс әкелмейді"

"Ерінбеген етішкі болады" деген аталы сөз кейіпкеріміздің бар болмысын ашып тұрғандай. Қолына бірнеше рет біз кіргізіп алса да кәсібін тастамаған. Керсінше бірнеше ер азамат етікші Жібек Бабановадан етік жамауды үйренбекші болып, кейін қиындығына шыдамай кетіп қалыпты. 
- Көп жағдайда әйел адамдарды төзімсіз, нәзік келеді деп жатады. Ол да дұрыс пікір шығар. Бірақ шын мәнінде адам өзінің қалаған жұмысына жолықса, оның бүкіл қиындығын жеңе алады екен. Сізге бір мысал айтайын. Осында менен етік жамауды үйренуге бірнеше азамат келген. Бәрі бірнеше ай ғана үйренді де, қиындығына шыдамай кетіп қалды. Бұл кәсіп біртіндеп дамиды. Бірден сізге мол табыс әкелмейді. Мүмкін көп адамдардың осы салаға бара бермейтіні де сол шығар. Көп жағдайда адамның икеміне байланысты. Икемі жоқ адамда ниет те болмайды. Ниет - адамның әр іске деген жүрек қалауы емес пе, - дейді. қайсар етікші. 

"Аяқ киіміміз жыртылса, осында келеміз"

Мұнда ұнемі келетін тұрғындар кейіпкерімізді "Етікші апай" деп атайды. Қолтығына етігін қыса келген Ержан есімді азамат етікшінің жұмыс сапасына дән риза. "Аяқ киіміміз жыртылса, осында келеміз" дейді ол. 
- Аяқ киіміміз жыртылса немесе шеті ашылып кетсе, бірден етікші апайымызға келеміз. Жымын білдірмей тігеді. Шынымды айтсам, бастапқыда қатты сенбеген едім. Әйел адамның етік жамап отырғанын бірінші рет көрдім. Кейін бірақ көзіміз жетті. Әркез келген сайын жылы жүзбен қарсы алады. Өз ісінің шебері, - дейді ол.
 Міне, әр сөзінің астарынан адамгершіліктің лебі ескен қарапайым, адал кәсіп иесінің жүрекжарды сыры - осы. Аядай ғана шеберханада кәсібінен нәсіп жаратып, тебеннен тиын тауып отырған еңбек адамы Жібек Бабанованың ісі көпке үлгі. Себебі "Жұмыс жоқ, ақша жоқ" деп қаншама талант иесінің тасада қалып жатқанын кім білсін. Құштарлық пен мұқтаждықтың арасы жер мен көктей екені рас. Десе де екі ұғымның да негізі еңбек екенін ұмытпағанымыз абзал. 

Следующая →