Өскемен
малооблачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
450.07
-1.20
488.51
-0.62
¥
62.35
-0.34
4.86
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-дағы жол апаты: Екі адам қайтыс болды, бесеуі ауруханада

15 маусымда, шамамен 16.00-де Омбы - Майқапшағай тас жолында қайғылы жол апаты болды

Шар қаласынан Семейге қарай 15 шақырым жерде Mazda көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы бағытта келе жатқан Toyota Corolla көлігімен соқтығысып қалған. Күшті соққының салдарынан 45 жастағы Mazda жүргізушісі мен 65 жастағы  жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Екінші көліктің жүргізушісі мен  ондағы төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

- Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 345-бабының 4 тармағының "Көлік құралын басқаратын адамдардың жол ережесін бұзуы немесе көлік құралын абайсыз пайдалануы салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру" қылмыстық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді ШҚО Жол полициясы департаментінің баспасөз қызметі. - Жол апатына кінәлі танылған адам бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылып, жеті жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып қалуы мүмкін.

Следующая →