Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ҚР мемлекеттік рәміздері күні ШҚО-да көк байрақ пен елтаңба бейнеленген шар әуеге ұшырылды

Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында коронавирус пандемиясына байланысты шаралардың көбі онлайн форматында өтуде. Оған жалпы 5 мың адам қатысқан

Мереке қарсаңында мектеп оқушылары арасында "Бұл менің – Туым!", "Бұл менің – Әнұраным!", "Бұл менің – Елтаңбам!" тақырыптары бойынша сурет және шығарма байқауы жаряиланған. 

Өскемен көшелерінде Әнұран ойнап тұрды. Көшедегі 25 радиоға қосылған болатын.

Одан өзге, Қазақстан тауының етегінен әуеге Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен көк байрағы бейнеленген шар ұшырылды. Ертіс өзенімен 40 мемлекеттік туымызды желбіретіп катерлер шеруі өтті. 

Ал Семейде патриоттық әндерден онлайн байқау өтіп, тұрғындар ел Әнұранын қашықтықтан орындады.

Облыс аудандарында "Менің туым – менің мақтанышым" флеш-мобтары, концерт және қашықтықтан ҚР мемлекеттік рәміздер көрмесі ұйымдастырылды.
Nur Otan партиясының "Менің Туым, Менің Отаным" патриоттық акциясы аясында сауда орталықтары, білім беру орындары мен көшелерге 68 жалау, ал тұрғын үй балкондарына 223 мемлекетік ту ілінді.

Следующая →