Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-да соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырған 16 адам тіркелді

Жалпы Қазақстан бойынша 24 сағаттың ішінде коронавирус жұқтырған барлығы 450 адам анықталды

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 адам анықталды

- 5 науқас – Семей қаласы, 4-еуі – Жарма, 3-еуі – Үржар, 2-еуі – Бородулиха және 2 науқас – Шемонаиха ауданының тұрғындары, - деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі. -  Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 13 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде, 1 науқас әйел адамнан шет елден (РФ) келген тұлға ретінде, ЖРВИ белгілерімен түскен 1 науқастан мониторинг жасау кезінде және 1 науқастан скринингтік тексеру барысында алынған.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

- Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 135 адам тіркелді. 
Следующая →