Өскемен
ясно
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
-0.52
476.78
-4.27
¥
61.89
-0.07
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Көлікті өртеген күдікті қолға түсті

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері "Сергек" бейнебақылау камераларының арқасында қаскөйдің кім екенін анықтады

Көлікті қасақана өртеген ер адам оқиға орнында заттай айғақтарын – қолғап пен бес литрлік бөтелкеге құйылған бензин қалдыған.

Естеріңізге сала кетейік, 12 ақпан күні сағат 20.00-де полиция қызметіне Назарбаев даңғылында автокөлік өртеніп жатыр деген хабар түскен. Тәртіп сақшылары жанып жатқан "Toyota" маркалы көлігі 28 жастағы бойжеткенге тиесілі екенін анықтаған. Көліктің жанында тұрған "Subaru" да зақымданған.

Полиция қызметкерлері төңіректі зерттеген уақытта шүберек қолғап пен бензин құйылған бес литрлік ыдыс тапқан. Артынша "Сергек" бейнебақылау камераларының арқасында күдіктінің кім екені анықтап, қолға түсірді. Ол бұрын істі болған 33 жастағы облыс тұрғыны екен.

- Күдікті тергеу изоляторында. Осы фактіге байланысты ҚР ҚК 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қаскөй 3-тен 7 АЕК-ге дейін айыппұл төлеуі мүмкін немесе осы көлемде түзету жұмыстарына тартылады не 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеледі немесе айырылады, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.




Следующая →